Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Бекман Сойлыбаевты қабылдады
2017 ж. 19 мамыр
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин өзінің Астанадағы кеңсесінде Бекман Сойлыбаев пен оның жеке жаттықтырушысы Бауыржан Ізтілеуовті қабылдады.

Бекман Сойлыбаев WBC рейтингінің үздіктер қатарына енді
2017 ж. 13 мамыр
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өздерінің жаңарған рейтингін жариялады. Солардың арасында қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4KO) екінші жеңіл салмақ дәрежесінде (130 фунт – 58,9 келі) ТОП-25 боксшының қатарына енді.

WBC Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласын жариялады
2017 ж. 9 мамыр
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуіне таласатын боксшы анықталды.

Бекман Сойлыбаев Головкин мен Альварес арасындағы айқастағы өз фаворитін айтты
2017 ж. 8 мамыр
Әлем боксының жарқын жұлдызына айналған Бекман Сойлыбаев қыркүйек айында өтетін Геннадий Головкин мен мексикалық Канело Сауль Альварес арасындағы айқасқа өз болжамын жасады.

Бекман Сойлыбаев пен Самуэл Гонсалес арасындағы чемпиондық жекпе-жекті толық видеосы
2017 ж. 6 мамыр
Назарларыңызға сәуірдің 30-ы күні таңертең Мексиканың Чиуауа қаласында өткен Бекман Сойлыбаев пен венесуэлалық Самуэл Гонсалестің арасындағы жекпе-жектің толық видеосын ұсынамыз.

Айдар Шәрібаев пен Орландо Ризо арасындағы жекпе-жектің ең қызықты сәттері (видео)
2017 ж. 6 мамыр
Назарларыңызға Айдар Шәрібаев пен никарагуалық боксшы Орландо Ризоның қатысуымен өткен жекпе-жектің ең қызықты сәттерін ұсынамыз. Айқас 29 сәуір күні Чикагода өткен болатын.


Бекман Сойлыбаев пен Айдар Шәрібаев «Түнгі студияда» қонақта болды
2017 ж. 5 мамыр
«Diamond Ring» боксшылары Бекман Сойлыбаев пен Айдар Шәрібаев Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» ток-шоуында қонақта болды.

Бекман Сойлыбаев медициналық тексерістен өтті
2017 ж. 5 мамыр
Лос-Анджелесте үш ай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, соның аясында екі жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев елге оралысымен толық медициналық тексерістен өтті.

Айдар Шәрібаев елге оралды
2017 ж. 2 мамыр
АҚШ-тың Майами қаласында үш айлық оқу жаттығу жиынын өткізген «Diamond Ring» боскшысы Айдар Шәрібаев бүгін елге оралды.

Хулио Сезар Чавес – Бекманның айқасын тамсана тамашаладым
2017 ж. 2 мамыр
Әйгілі Хулио Сезар Чавес Мексиканың Чиуауа қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінен кейін WBC International чемпиондық белбеуінің су жаңа иегері Бекман Сойлыбаевпен әуежайда кездесіп қалып, алдағы карьерасына сәттілік тіледі.

Бекман Сойлыбаев WBC International чемпиондық белбеуінің иегері атанды
2017 ж. 30 сәуір
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев бүгін Мексиканың Чиуауа қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде венесуэлалық Самуэл Гонсалеспен (13-4-0, 9КО) жұдырық түйістіріп, WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Бекман Сойлыбаев пен Самуэл Гонсалес салмақ өлшеу рәсімін өткізді
2017 ж. 29 сәуір
Бүгін Мексиканың Чиуауа қаласында қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың қатысуымен өтетін кәсіпқой бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Айдар Шәрібаев кәсіпқой шаршы алаңдағы алтыншы нокаутына қол жеткізді
2017 ж. 29 сәуір
АҚШ-тың Чикаго қаласында кәсіпқой бокс кеші аяқталып, никарагуалық Орландо Ризоға қарсы шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Айдар Шәрібаев жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Бекман Сойлыбаев кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Мексикаға келді
2017 ж. 28 сәуір
Бүгін «Diamond Ring» батыры Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіпқой бокстағы 11-ші жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-тағы командасымен Мексиканың Чиуауа қаласына келді.

Айдар Шәрібаев пен Орландо Ризо салмақ өлшеу рәсімін өткізді
2017 ж. 28 сәуір
АҚШ-тың Чикаго қаласында «Diamond Ring» сайыпқыраны Айдар Шәрібаевтың қатысуымен өтетін кәсіпқой бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Айдар Шәрібаев алтыншы айқасын өткізу үшін Чикагоға келді
2017 ж. 27 сәуір
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев өзінің алтыншы айқасын өткізу үшін АҚШ-тың Чикаго қаласына келді. Оның алдағы қарсыласы никарагуалық панчер Орландо Ризо.

Бекман Сойлыбаев венесуэлалық боксшымен айқасады
2017 ж. 23 сәуір
Кәсіпқой бокста барлық кездесуінде жеңіске жүрген Бекман Сойлыбаевтың алдағы айқастағы қарсыласы анықталды. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC EPBC және WBA NABA чемпионы 29 сәуір күні Венесуэла боксшысы Самуэль Гонсалеспен жұдырықтасады.

Айдар Шәрібаевтың чемпиондық жекпе-жегі келесі аптаға қалдырылды
2017 ж. 21 сәуір
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевтың 22 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында өтуі тиіс болған чемпиондық жекпе-жегі соңғы сәтте кейінге қалдырылды.