Бекман Сойлыбаев пен Самуэл Гонсалес салмақ өлшеу рәсімін өткізді
Бүгін Мексиканың Чиуауа қаласында қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың қатысуымен өтетін кәсіпқой бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегі мексикалық қос мықты, Хулио Сезар Чавес пен Сауль Канело Альварестің туған ағалары Омар Чавес пен Рамон Альварестің арасында өтеді.
WBC EPBC және WBA NABA чемпионы Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы өз елінде «Эль Пана» деген атпен танымал венесуэлалық Самуэл Гонсалес (13-4-0, 9КО).
Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша екі боксшы де екінші жеңіл салмақ дәрежесінің лимитін орындады. Айқас 30 сәуір күні Астана уақытымен таңертеңгі мезгілде басталады.
Өз кезегінде Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте әйгілі бапкер Эрик Браунның қарамағында үш ай оқу-жаттығу жиынын өткізген. Кәсіпқой бокста 10 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жеткен. Төрт қарсыласын нокаутпен ұтқан.