Сондерс WBO титулы үшін екінші орта салмақта жекпе-жек өткізеді

2019 ж. 19 ақпан
Сондерс WBO титулы үшін екінші орта салмақта жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс (27-0, 13 KOs) пен неміс боксшысы Шефат Исуфи (27-3-2, 20 KOs) WBO тұжырымы бойынша 168 фунтқа (76,203) дейінгі дивизионда  бос тұрған белбеуге таласады.

Мексикалық сайыпқыран Гильберто Рамирестің салмақ ауыстыруына байланысты екінші орта салмақтағы Бүкіләлемдік бокс ұйымының чемпиондық белбеуін иесіз қалған еді. Енді осы осы белбеуге үміткер Сондерс пен Исуфи арасындағы титулдық кездесу 13 сәуірде Лондонның (Ұлыбритания) Уэмбли аренасында өтеді. Британдықтың 29 жастағы қарсыласы аталмыш ұйым рейтингісінің көшін бастаған осы салмақтағы құрлықаралық чемпион.

Сондерс соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында өзінің туған жерінде шыққан. 2018 жылы тек бір ғана кездесу өткізген, жартылай ауыр салмақтағы дебюті болған ол жоспарланған 8 раундтық белдесудің 4-шісінде техникалық нокаутпен ганалық Чарльз Адамды жеңген болатын. Өз кезегінде, Исуфи өткен жылы өзінің WBO Inter-Continental титулын екі мәрте сәтті қорғап шыққан.

Естеріңізге салсақ, ешкімнен жеңіліп көрмеген Сондерс орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша иелік ететін белбеуін ағзасында тиым салынған препараттардың табылуына байланысты босатқан еді. Содан кейін бұл құрметті атақты америкалық Деметриус Андраде иемденген болатын. Айта кететіні, британдық былғары қолғап шебері ұйымның чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер статусын сақтап қалған. Сондықтан ол таяу уақытта америкалық чемпионмен қолғап түйістіруі мүмкін.