Алматы төрінде – Жанкош Тұраров, Тұрсынбай Құлахмет және өзбектің Олимпиада чемпионы
D4G промоушнс және MTKKazakhstan менеджерлік компаниясы бірлесе отырып, Алатау бөктерінде қызықты бокс кешін өткізбек екен. Бұл кеште шаршы алаңға кәсіпқой бокс рингінде жанкүйерлер сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген күрзі жұдырықты жігіттер шығады.
Бұл ретте, MTKKazakhstan менеджерлік компаниясы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы шаршы алаңның көк бұрышынан ортаға шығатын боксшылар тізімін жариялады. Сонымен, 28 наурыз күні «Халық арена» мұзайдыны сарайында өтетін бокс кешінде ринг көрігін қыздыратындар:
Жанкош Тұраров (24-0, 17 KO) – жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы;
Тұрсынбай Құлахмет – Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді;
Фазлиддин Гайбназаров (8-1, 5 KO) – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы (64 келіде), Өзбек елі үміті;
Али Балоев (9-0, 7 KO) – ауыр салмақтағы «Нокаутшы»
Әбілқайыр Шегалиев (8-0, 4 KO)
Мухаммад Васим (10-1, 7 KO)
Абай Төлеш (5-0, 3 KO)
Хуршид Тожибаев (4-0, 2 KO)
Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO)
Рай Сейтжанов (2-0)