Айдар Шәрібаев пен Габино Кота салмақ өлшеу рәсімінен өтті

2017 ж. 17 наурыз
Айдар Шәрібаев пен Габино Кота салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Ертең АҚШ-тың Флорида шатындағы Тампа қаласында қазақстандық тарлан Айдар Шәрібаев өзінің кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізу үшін шаршы алаңға шығады. Қарсыласы мексикалық Габино Кота. Бүгін боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтіп, таразыда екеуі де бірінші жеңіл салмақ дәрежесін көрсетті.

Айта кетейік, 23 жастағы мексикалық боксшы үшін ертеңгі айқас кәсіпқой бокстағы 28-ші жекпе-жек болмақ. Бұған дейінгі айқастарының 19-ында жеңіске жеткен. 17 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Сондай-ақ, жеті жекпе-жекте жеңіліп, біреуінде тең түскен. Өзінің соңғы жекпе-жегінде Габино Гота өткен жылдың қазан айында WBO NABO чемпиондық белбеуіне таласып, пуэрторикалық Орландо Крустан ұтылып қалған.

Алты раундқа жоспарланған Айдар Шәрібаев пен Габино Котаның арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен ертең шамамен сағат таңғы 9:00-де басталады. Айқастың тікелей эфирін Айдардың инста-парақшасы (@aidar_sharibayev) арқылы тамашалауға болады.

Текст: Sadvakas Maikibayev