Қуат Хамитов коронавирус қауіпінен дүрбелеңін басым көреді

2020 ж. 16 наурыз
Қуат Хамитов коронавирус қауіпінен дүрбелеңін басым көреді

MMA промоушенінде өнер көрсететін қазақ спортшысы Қуат Хамитов (18-7-1) соңғы күндері корнавирус індетіне қатысты өзінің сыни көзқарастарын жариялады. «Найман» (сегізбұрыштағы лақап аты) Instagram-дағы жеке парақшасына өз ойын жазып, оқырмандарын елең еткізді.

Осыдан екі күн бұрын ол «Коронавируске байланысты жағдайдан кейін біз жаңалықтарда айтылып жатқандарға ешқашан сенбеуіміз керек. Бұл – вирус ойдан шығарылған былжырақ», – деп жазды. Бірақ өзінің бетпердесін «вирусқа қарсы бетперде» деп тегтепті.

Ал бүгін «Әуелі олар жоқ вирусқа қарсы вакцина ойлап шығарады, содан соң оны бәріне сатады, кейін бәрі ешқандай ауру болмағанын біледі. Вакцина егуші болмаңыздар!», – деп байбалам салды...