Top Rank промоутерлік компаниясының тағы бір титулдық жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

2021 ж. 1 қыркүйек
Top Rank промоутерлік компаниясының тағы бір титулдық жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
Jamel Herring

23 қазанда екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Jamel Herring (23-2-0, 11КО) РИО-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 57,153 келіге дейінгі жартылай жеңіл салмақтағы кәсіпқойлар арасындағы әлемнің экс-чемпионы Shakur Stevenson-ге (16-0-0, 8КО) қарсы таласта Әлемдік бокс ұйымының WBO белбеуін ресми түрде қорғайтын болады.

Бұл көпшілік көптен күткен жекпе-жек АҚШ-тың Атланта штатындағы State Farm Arena-сында өтетін болады. Рингтен тыс екі боксшы да жақсы дос және титулдық жекпе-жектерге дайындық кезінде бір-біріне бірнеше рет достық спаррингпен көмектескен кәсіпқойлар. Бірақ бұл жолы жас боксшының екінші салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдікке ие болу ниеті спорттық достықтан әлдеқайда жоғары. Кімнің жеңімпаз боларын, әрине, шаршы алаңда көретін боламыз.

Shakur Stevenson

Естеріңізге салсақ, Jamel Herring соңғы рет өз белдігін осы жылдың көктемінде, Біріккен Араб Әмірліктерінде екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, британдық Carl Frampton-ға (28-3-0, 16КО) қарсы өткізген жекпе-жекте қорғаған болатын. Онда ол алтыншы раундта тұманды Альбионнан шыққан аты аңызға айналған боксшыны нокаутқа жіберген еді. Shakur Stevenson, өз кезегінде, осы жылдың маусым айында Jeremiah Nakathila-ға (24-2-0, 17КО) қарсы толық12 раундтық тартыста төрешілердің бірауыздан шешімімен қазіргі таңда Jamel Herring-ке тиесілі WBO чемпиондық белдеуін талап ету құқығына ие болған.

Херринг пен Стивенсонның жекпе-жектерінің ең қызықты сәттерін сілтеме бойынша БЕЙНЕ қосымшасынан көруге болады: https://ringkz.com/.