Тедди Атлас: Головкинге зейнетке шығу туралы ойланатын кез келді

2019 ж. 6 ақпан
Тедди Атлас: Головкинге зейнетке шығу туралы ойланатын кез келді

Америкалық атақты бапкер, әрі комментатор Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкиннің ендігі мансабы мен мамыр айында өтетін Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобс арасындағы мегафайт жайында өз ойын білдірді.

Атлас қазақстандық Геннадий GGG Головкин (38-1-1, 34 KOs) мен Мексиканың жарық жұлдызы Сауль Canelo Альварес (51-1-2, 35 KOs) арасындағы осыған дейін өткен жекпе-жектердің қорытындысымен келіспесе де, бүгінгінің үздіктерінің бірі шаршағанын, оған мансабын аяқтау туралы ойлану керектігін айтады.

 — Мен Головкинге зейнетке шығу туралы ойланатын уақыт жетті деп ойлаймын. Ол қомақты қаржы тапты, жеткен жетістігі де аз емес. Әуесқой бокста 400-ден астам кездесу өткізіп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазір оның жасы 37 немесе 38-де. Оның «Канеломен» өткізген кездесулерінде баяғы мықты қалпының жоқ екендігін байқадым. Головкиннің таңдаулы жылдары артта қалды. Альвареспен өткізген екі жекпе-жегінде де төрешілер әділ баға берген жоқ. Дегенмен де, Головкиннің жұдырықтасу қарқыны төмендегенін жасыра алмаймыз.

Сонымен қатар, бокс майталманының пікірінше, Головкиннен қыркүйек айында орта салмақтағы екі белбеуді тартып алған Сауль Альварес 160 фунтқа (72,574 кг)  дейінгі дивизионның мықтысы, америкалық Дэниел Miracle Man Джейкобсті де (35-2, 29 KOs) жеңе алады. Оған қоса, Атлас WBC және WBA (Super) чемпионы  мен IBF титулының иегері арасындағы, орта салмақтағы біріктірілген белдесуде «Канело»  DAZN стримингтік қызметі кепіл беріп отырған миллиондаған қаламақыны өтеуі қажет.

— Джейкобс —орта салмақтағылардың ішіндегі деңгейі жоғары боксшы. Ол Альвареске лайықты тойтарыс бере алады. Бірақ «Канелода» оның денесі немесе басына соққы бағыттайтын мүмкіндік көп. Тек Джейкобстің иегі «Канелоның» жойқын соққыларына төтеп бере алады ма, жоқ па, мәселе осында. Мен бұған дейін оның денемен қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтқанмын. Ол Головкинмен өткізген жекпе-жекте тамаша өнер көрсетті.

«Канелоға» оған DAZN төлеген ақшаның құнын өтей алатындығын көрсететін уақыт жетті. Олар оған 300 миллион АҚШ долларын берген. Ол алғашқы жекпе-жегінде Рокки Филдингке бауырға бағытталған сол жақ хук соққысын жаудырып, кездесудің әр минутында 30 миллион ақша тапты. Бұл тым көп ақша. Менің ойымша, Golden Boy Promotions «Канелоға» төтеп бере алатын қарсыласты іздеп, нәтижесінде Дэнни Джейкобсты лайықты деп тапқан болуы керек.

Естеріңізге салсақ,  өткен жылы 28 жасар Альварес кәсіпқой бокс кештерін көрсететін DAZN бейнеплатформасымен, 11 жекпе-жек үшін 365 миллион АҚШ долларымен 5 жылға келісімшарт жасасты.