Шымкенттегі бокс кешінің басты кардында кімдер кездеседі

2024 ж. 30 мамыр
Шымкенттегі бокс кешінің басты кардында кімдер кездеседі

RingKZ порталы 8 маусым күні Шымкентте өтетін бокс кешіне қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастыруда. Енді біз main card, яғни жекпе-жектердің негізгі бағдарламасында қолғап түйістіретін боксшылар мен орталық жекпе-жектерге назар аударуды ұсынамыз.

8 маусым күні Шымкентте өтетін бокс кешінде барлығы 8 жекпе-жек өтеді. Басты кардта 3 жекпе-жек бар: №6, №7 және №8.

№6 жекпе-жек. Самат Жетібаев – Адриан Лерасан

Орта салмақтағы, яғни 53,5 келіге дейінгі жекпе-жек орталық жекпе-жек бағдарламасын ашады. Қазақстандық Самат Жетібаев (6-0, 4 КО) филиппиндік Адриан Лерасанмен (13-6, 6 КО) кездеседі. Әрине, көрермен қазақстандық боксшыға жанкүйер болады. Дегенмен жекпе-жек оған оңай соқпауы мүмкін.

Иә, Жетібаевтың жасы үлкен, ол – 27-де болса, қарсыласы 25 жаста. Алайда Лерасан қарсыласына қарағанда кәсіпқой рингте 3 есе көп жекпе-жек өткізген. Оның үстіне оны оңай қарсылас деп атауға мүлдем болмас.

Соңғы 5 жылда ол 8 жекпе-жек өткізіп, оның 6-ында жеңіске жеткен. Филиппиндік жеңілген екі жекпе-жекке боксқа қатысы бар беделді BoxRec сайты екі жұлдызбен баға берген. Осы тұста Жетібаевтың карьерасында екі жұлдызды жекпе-жек әлі болмағанын айта кетейік.

Бұдан бөлек жеңіл салмақтағы боксшыларға арналған BoxRec рейтингінде Лерасан Саматқа қарағанда 100(!) позицияға жоғары тұр. Бұл да Жетібаевтың рингке барынша дайындалып шығуы керек дегенді білдіреді.

Айта кетейік, жақында Лерасан IBO әлем чемпионы атағы үшін таласуға мүмкіндік алып, шешуші кездесуде оңтүстік африкалық Рикардо Малажикеге жеңіліп қалған болатын.

Ал Самат үшін алдағы кездесу кәсіпқой рингтегі 7-жекпе-жегі. Бұған дейінгі 6 жекпе-жекте ақтаулық спортшы сөзсіз жеңіске жетіп отырды.

№7 жекпе-жек. Елшат Нығметолла – Сарвар Усманов

Қытайда туып, қазір Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Елшат Нығметолла (18-0-1, 6 КО) үшін бұл оның кәсіпқой рингтегі 20-шы жекпе-жегі болмақ. 30 жастағы Нығметолла екінші жеңіл, яғни 55,3 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Бір апта бұрын BoxRec рейтингі бойынша ең үздік қазақстандық кәсіпқой боксшылардың ТОП-10-дығына болғанын да айта кетейік. Шымкентте сәтті өнер көрсетсе, үздік ондыққа қайта оралатынына күмән жоқ. Бірақ бұл жеңіске әлі де жету керек.

Шымкентте Елшаттың қарсыласы өзбекстандық Сарвар Усманов (5-2, 4 КО) болады. Ол 26 жаста. Қаңтар айында Усманов бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. 2019 жылдан бері ол тек 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Дегенмен биыл Сарвар өзінің екінші жекпе-жегін өткізіп жатыр. Бұл оның бокстағы мансабын қайта жандандырғысы келетінін көрсетеді.

Екінші жағынан, Елшаттың былтыр желтоқсанда үндістандық Сандип Кумарды жеңгеннен кейін боксында не өзгергенін көру қызықты болады. Сол кезде Нығметолла 4-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

№8 жекпе-жек. Нұрдос Төлебай - Анусон Тнонглуанг

8 маусым күні Шымкентте өтетін бокс кешінің басты оқиғасы 66,7 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек болады. Онда қазақстандық Нұрдос Төлебай (11-0, 9 КО) мен тайландтық Анусон Тнонглуанг (20-4-1, 16 КО) күш сынасады.

BoxRec рейтингінде 23 жастағы Нұрдос Төлебай 25 жасқа дейінгі ең мықты қазақстандық кәсіпқой боксшылардың ТОП-5-тігіне енді. Ол нокаутшы ретінде танымал болып үлгерді. Бірақ 2022 жылдың қарашасынан бастап тек бір жекпе-жек, оның өзін жақында, биылғы наурыда өткізді. Жалпы бұл болашағы зор боксшы, тек карьерасын қайта жандандыру керек сияқты.

Тайландтық Анусон Тнонглуанг небәрі 20 жаста, бірақ кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Сондықтан да ол өзінің белсенділігімен таң қалдырады. Мысалы 2023 жылы ол 8 жекпе-жек өткізсе, оған дейін шаршы алаңға 11 рет шыққан.

Биыл Тнонглуанның WBC бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы үшін жұдырықтасқанына назар аударған жөн. Бірінші талпынысы сәтсіз болғанымен, бұл боксшыны, әрине, менсінбеуге болмайды. Ол өзінің 20 жеңісінде қарсыласын 16 рет нокаутқа жібергенін де есте ұстаған жөн.

Бокс кешінің басқа жекпе-жектеріне қатысушылар туралы «RingKZ Шымкенттегі бокс кешінің қатысушыларын ұсынады» мақаласынан, ал жекпе-жектері негізгі кардқа енген қазақ боксшылары туралы «Шымкенттегі бокс кеші: Жарқын жекпе-жектер алдында» мақаласынан оқыңыз.