Шүменовтің шоуында шаршы алаңға шығатын барлық боксшылар анықталды

2018 ж. 6 шілде
Шүменовтің шоуында шаршы алаңға шығатын барлық боксшылар анықталды

Ертең елордамыздың «Барыс Арена» кешенінде еліміздегі 2018 жылдың басты жекпе-жек кеші өтіп, шаршы алаңға түрік Хизни Алтункаяға қарсы айқасқа шығатын Бейбіт Шүменов ауыр салмақтағы WBA чемпиондық белбеуіне таласады.

Кеше боксшылар жанкүйерлерге арналған ашық жаттығу өткізіп, бүгін салмақ өлшеу рәсімін ұйымдастырды. Таразыға тұрған Бейбіт Шүменовтің салмағы түрік боксшысынан екі келіге артық болды – 90,5 келі. Ал Хизни 88,4 келіні көрсеткен еді.

– Мені қолдаған барша қазақстандықтарға алғысым шексіз. Жекпе-жегім Астана күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, жанкүйер өте көп болады деп ойлаймын. Дайындық жақсы өтті. Үш ай жаттықтым. Соңғы алты аптада жеке бапкерім Исмаэл Салас көмектесті. 120 раундтан астам спарринг өткіздік, – деді Бейбіт Шүменов.

Жалпы, ертеңгі кәсіпқой бокс кешінде барлығы 11 жекпе-жек жоспарланған. Басталуы сағат 16:00.

Жекпе-жектер

12 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін)

Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО, Қазақстан) – Хизни Алтункая (30-1, 17 КО, Түркия) – WBA чемпиондық айқасы,

10 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі, (76,203 келіге дейін)

Айдос Ербосынұлы (7-0, 6 КО, Қазақстан) – Исмат Эйнуллаев (13-3, 9 КО, Әзірбайжан) – WBA Азия аймақтық белбеуі;

8 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін)

Уәлихан Бисенқұлов (5-0, 5 КО, Қазақстан) – Анар Абдуллаев (2-2, 2 КО, Әзірбайжан),

6 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі (69,85 келіге дейін)

Бобиржан Моминов (6-0, 5 КО, Қазақстан) – Георгий Блиадзе (7-6, 2 КО, Грузия)

6 раунд, Бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін)

Али Балоев (4-0, 3 КО, Қазақстан) – Казим Умудов (2-0, 1 КО, Әзірбайжан)

4 раунд, екінші аса жеңіл салмақ дәрежесі (55,225 келіге дейін)

Айдын Елжанов (4-1, 3 КО, Қазақстан) – Асқар Рагимов (2-1, 1 КО, Әзірбайжан)

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Арман Рысбек (3-0, 2 КО, Қазақстан) – Сандро Терашвили (4-1, 2 КО, Грузия)

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Диас Тастеміров (2-0, 2 КО, Қазақстан) – Элвин Ахунзада (4-0, 2 КО, Әзірбайжан)

4 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін)

Еділ Қожамбердиев (3-2, 3 КО, Қазақстан) – Сергей Белошапкин (11-27-1, 3 КО, Ресей)

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Ибрагим Ескендіров (3-0, 3 КО, Қазақстан) – Серік Ажибаев (0-1, Ресей)

4 раунд, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі (58,967 келіге дейін)

Міржан Рахымжанов (дебют) – Александр Салтыков (11-48-3, 6 КО, Ресей)

Текст: Sadvakas Maikibayev