Майки Гарсия – Ломаченконың командасы менен қашып жүр

2018 ж. 21 қараша
Майки Гарсия – Ломаченконың командасы менен қашып жүр

Төрт салмақ санатында әлем чемпионы болған америкалық Майки Гарсия алдағы уақытта украиналық Василий Ломаченкомен жекпе-жек өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Behind The Gloves арнасына сұхбат берген Майки Гарсияның пікірінше Хайтекпен кездесуге оның командасы кедергі келтіріп жүрген көрінеді.

– Жартылай орта салмақта Эррол Спенспен айқасып болған соң қайта жеңіл салмаққа оралуым мүмкін. Сол кезде Василий Ломаченкомен төбелесуге қуана келісемін. Мен қазір белбеулерді біріктіру қамымен жүрмін. Бұл тұрғыда Ломаченко мен үшін таптырмас қарсылас. Дегенмен, өзі кездескісі келмесе мен оның соңынан қуып жүргім келмейді. Онымен кездесудің өзі де мүмкін болмай кетті ғой. Иә, Василий менімен төбелескісі келеді. Бірақ, оның командасы бұған қарсы сияқты. Шамасы, промоутерлерінің Ломаченкоға деген жоспары бөлек секілді. Әрдайым бағытымызды екіге айырып жүр. Сондықтан, мен оны күтпеймін, соңынан да қуып жүретін шамам жоқ. Егер өздері төбелескісі келсе, мен әрқашан дайынмын. Ал әзірге екеуміздің шеберлігімізге, кімнің қаншалықты мықты екендігіне алдағы қарсыластарымызға қарап-ақ баға беруге болады. Мен Эррол Спенспен айқасамын, ол Хосе Педрасамен жұдырықтасады, – деді Майки Гарсия.

Естеріңізге сала кетейік, Василий Ломаченко мен Хосе Педрасаның кездесуі 8 желтоқсан күні Нью-Йорктің «Мэдиссон Сквер-Гарден» аренасында өтіп, жеңіл салмақтағы WBA super және WBO чемпиондық белбеулерін сарапқа салады. Ал Майки Гарсия мен Эррол Спенстің төбелесі 2019 жылдың 16 наурызында Арлингтонда өтеді деп жоспарланған.

Текст: Sadvakas Maikibayev