Кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы анықтала ма?
Жақында Алматыда Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының VI есеп беру және сайлау конференциясын өткен. Осы жиында кәсіпқой бокстан Қазақ елі чемпионын анықтау үлгісі ұсынылды.
Аталмыш жиын барысында «Хабар Boxing Fight Night» ауқымды жобасының тұсаукесер рәсімі өткізіліп, конференцияға қатысушыларға егжей-тегжей таныстырылды. Оның авторлары кәсіпқой боксшылар арасында Қазақстан чемпионы атағы мен белбеуінің иесін анықтау үлгісін ұсынды. Бұл жобада бір жыл бойы еліміздің бірнеше қаласында жеті бокс кешін ұйымдастыру қарастырылыпты.
Әр кеште 8 жекпе-жектен өткізіледі екен. Жеңілгендері жобадан тыс қалып, жеңгендері әрі қарай өтіп, төрт салмақ дәрежесінде (66, 69, 72, 81 келілер бойынша) кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпиондарын анықтауға болады екен. Чемпиондық белбеу жолындағы жекпе-жектерді «Хабар» телеарнасынан көрсету жоспарланып отырған көрінеді.
Ескерте кетейік, бұл жоба әлі қабылданған жоқ, енді талқыланып жатыр. Біз өз кезегімізде, жобаның әрі қарай қалай жүзеге асырылатынын қадағалап, сіздер үшін толығырақ жариялап отыратын боламыз.