Ковалев пен Шабранский арасындағы айқасты тікелей эфирден “Хабар” арнасы көрсетеді
2017 ж. 21 қараша

26 қараша күні таңертең “Хабар» телеарнасы ресейлік Сергей Ковалев пен украиналық Вячеслав Шабранский арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетеді.
Нью-Йоркте өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегіне баланған Ковалев пен Шабранский арасындағы айқаста WBO тұжырымында жартылай ауыр салмақ дәрежесінің чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Тікелей эфир жайлы «Хабар» агенттігінің ресми сайты былай деп хабарлайды:
«Хабар» арнасында Нью-Йорктен тікелей көрсетілім! Кәсіпқой боксшылар Сергей Ковалев пен Вячеслав Шабранский WBO чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. 26 қараша күні, жексенбіде Нью-Йоркте болатын бокс кешінен тікелей көрсетілімді 08.00-11.00 уақыт аралығында «Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыздар!».