​«Қазақ жауынгері» Елшат Нығметолла өзбекстандық қарсыласына қалай төтеп бермек?

2024 ж. 4 маусым
​«Қазақ жауынгері» Елшат Нығметолла өзбекстандық қарсыласына қалай төтеп бермек?

RingKZ порталы 8 маусым күні Шымкентте өтетін бокс кешіне қатысатын спортшыларды таныстыруды жалғастыруда. Бүгін main card, яғни жекпе-жектердің негізгі бағдарламасында қолғап түйістіретін Елшат Нығметолла және Сарвар Усманов туралы ақпарат ұсынамыз.

«Қазақ жауынгері»

Елшат Нығметолла Қытайда туған. Ол жақта «Қазақ жауынгері» деген лақап атпен танылған. 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Елшат Нығметолла (18-0-1, 6 КО) үшін бұл оның кәсіпқой рингтегі 20-шы жекпе-жегі болмақ. 30 жастағы Нығметолла екінші жеңіл, яғни 55,3 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Бір апта бұрын BoxRec рейтингі бойынша ең үздік қазақстандық кәсіпқой боксшылардың ТОП-10-дығына болғанын да айта кетейік. Шымкентте сәтті өнер көрсетсе, үздік ондыққа қайта оралатынына күмән жоқ. Бірақ бұл жеңіске әлі де жету керек.

Екінші жағынан, Елшаттың былтыр желтоқсанда үндістандық Сандип Кумарды жеңгеннен кейін боксында не өзгергенін көру қызықты болады. Сол кезде Нығметолла 4-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Кәсіпқой және әуесқой бокстың айырмашылығы – Жер мен көктей. Айырмашылық боксшылар дайындығынан бастап, бокс турнирлерін ұйымдастыру мен өткізу ауқымында көрінеді. Жас ұрпақтың қызығушылығы жоғары санатты шеберлердің жекпе-жегі саналатын қызықты жарыстарды көргенде пайда болады, - дейді Елшат.

Қатарынан 4 нокаут

Шымкентте Елшаттың қарсыласы – өзбекстандық Сарвар Усманов (5-2, 4 КО). Ол 26 жаста. Лақап аты – «Baby Bruce», яғни кішкентай Брюс дегенді білдірідеі.

Соңғы 4 жекпе-жегінің барлығында нокаутпен жеңіске жетті. Ал биылғы қаңтарда Усманов бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. 2019 жылдан бері ол тек 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Дегенмен биыл Сарвар өзінің екінші жекпе-жегін өткізіп жатыр. Бұл оның бокстағы мансабын қайта жандандырғысы келетінін көрсетеді.

Бокс кешінің басқа қатысушылары туралы «RingKZ Шымкенттегі бокс кешінің қатысушыларын ұсынады» мақаласынан, ал жекпе-жектері негізгі кардқа енген қазақ боксшылары туралы «Шымкенттегі бокс кешінің басты кардында кімдер кездеседі» мақаласынан оқи аласыз.