Головкин VS Альварес – Әр андеркардының өзі ғаламат айқас

Қыркүйектің 15-і күні Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы қарымта айқастың толық андеркарты белгілі болды. Әр жекпе-жегінің өзі жеке кештің басты айқасына лайық.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдында шаршы алаңға жеті жұп шығады. Соның үшеуі ғана PPV айқасына кірмейді. Ал қалған жекпе-жектердің барлығын ақылы трансляция арқылы қалың көрерменге тарату мәселесі қолға алынған.
Басты жекпе-жек (PPV айқас)
Геннадий Головкин, Қазақстан (38-0-1, 34 КО) – Сауль Альварес, Мексика (49-1-2, 34 КО)
Андеркарттар (PPV айқас)
Давид Лемье, Канада (39-4, 33 КО) — Гэри О’Салливан, Ирландия (28-2, 20 КО)
Хайме Мунгия, Мексика (30-0, 25 КО) — Брэндон Кук, Канада (20-1, 13 КО)
Роман Гонсалес, Никарагуа (46-2, 38 КО) — Мойзес Фуэнтес, Мексика (25-5-1, 14 КО)
Сесилия Брекхус, Норвегия (34-0, 9 КО) — Александра Магдзяк Лопес, Польша (18-4-3, 1 КО).
Өзге жекпе-жектер.
Верджил Ортис, АҚШ (10-0, 10 КО) — Роберто Ортис, Мексика (35-3-2, 26 КО)
Алексис Роча, АҚШ (11-0, 8 КО) — Карлос Ортис Сервантес, Мексика (11-2, 11 КО)
Франсиско Эспарса, АҚШ (8-0-1, 3 КО) — қарсыласы әзірге белгісіз