Қазақстан боксшылары Нидерландтағы турнирде 1-орын алды

Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде бокстан Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Қазақстан 5 алтынмен көш бастады
Жарыс Нидерландының Эйндховен қаласында өтті.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша біздің спортшылар 5 алтын және 3 қола медаль иеленді.
Турнир чемпиондары:
- Даниял Сәбит
- Абылайхан Жүсіпов
- Ерасыл Жақыпбеков
- Дәулет Төлемісов
- Нұрлан Сапарбай
Қола жүлдегерлер:
- Ертуған Зейнуллинов
- Сабыржан Аққалықов
- Сағындық Тоғамбай.
Өзбекстан мойындамады
Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаевты жеңген болатын. Алайда Өзбекстан бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтің жеңісін мойындамады.
Айтуларынша, жекпе-жек тоқтатылғанға дейін спортшылар тең жұдырықтасқан.
"Қазақстандық боксшы жарақат алып, жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Төрешілер түсініксіз шешім қабылдады, раунд тең өтсе де, жеңісті 2:3 есебімен Қазақстанға берді", – деп мәлімдеді федерация.