Альварес VS Джейкобс : орта салмақтағылар біріктірілген жекпе-жектің өтетін жерін анықтады

2019 ж. 8 ақпан
Альварес VS Джейкобс : орта салмақтағылар біріктірілген жекпе-жектің өтетін жерін анықтады

WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Canelo Альварес (51-1-2, 35 KOs) пен IBF титулының иегері Дэниел Miracle Man Джейкобс (35-2, 29 KOs) мамырдың 4-і күні қолғап түйістіреді.

(c) segd.org

Орта салмақтың мықтылары Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында жұдырықтасады. Бұл атышулы аренада бұған дейін отандасымыз Геннадий Головкин (38-1-1, 34 KOs) мен мексикалық жарық жұлдыз Альварес екі мәрте шаршы алаңға шыққан. “Канело” үшін Джейкобспен өтетін жекпе-жек оның осы аренада өткезетін 5-ші кездесуі.

 

Мексикалық боксшы алдыңғы белдесуін алғаш рет Нью-Йорктағы (АҚШ) аты аңызға айналған Madison Square Garden аренасында өткізген болатын. Оның желтоқсан айында британдық Рокки Филдингкке (27-2, 15 KOs) қарсы екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунтқа дейін немесе 76,203) дебюті болды. Ол британдықты техникалық нокаутпен жеңіп, оның WBA (Regular) тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белбеуін тартып алған еді.

 

Одан бөлек, Альварес қатарынан екі салмақ дәрежесінде әлем чимпионы атанды. Жақында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (World Boxing Association) «Канелоның» осы ұйымның бірден екі чемпиондық белбеуін тұрақты қорғамай-ақ иелене алатындығын айтқан болатын.