Жәнібек VS Александер – Қазақ боксын көре аламыз ба?

2018 ж. 2 қараша
Жәнібек VS Александер – Қазақ боксын көре аламыз ба?

Жексенбі күні таң әлекеуіммен Техаста жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы – Вон Александер. Жәнібек бізге қазақ боксын көрсете ала ма?

Вон Александер. Бұл боксшы туралы бұған дейін жазғанбыз. Өмірбаянымен таныссыздар деп ойлаймыз. Бүгін жексенбілік жекпе-жекке тоқталсақ дейміз.

Қарсыласы белгілі бола салысымен Жәнібектің инстаграмдағы жеке парақшасынан, «Мықтыны ұтсаң ғана мықты боласың. Мықтыны жеңгенде ғана чемпиондық белбеуге жақындайсың. Маған рингте мешоктар керегі жоқ. 3 қараша 13 жекпе-жегінің 12-ін ұтқан, тек 1 ғана жекпе-жегінде төрешілер шешімімен ұтылған Ван Александрмен жұдырықтасамын, бұйыртса. Қазақ бокс стилін 3 қарашада әлем жанкүйерлеріне көрсетеміз», – деген жазбаны оқыдық. Назарларыңызға орфография мен пунктуациясын сол күйінде ұсынып отырмыз. Осы жазба арқылы Әлімханұлы жанкүйерлеріне үлкен айқастарға дайын екендігін ұқтырды.

Дегенмен, Вон да оңай шағылар жаңғақ емес. 11 жыл түрмеде отырған адам аяушылықты біле ме? Бәрі де жерлесіміздің қазақ боксын қаншалықты көрсете алатындығына байланысты болмақ.

Ал жекпе-жекті жексенбі күні таңғы 4:00-де «Qazsport» телеарнасы көрсетпек.

Текст: Sadvakas Maikibayev