​Усик Фьюриді екінші рет жеңді. Тарих қалай жасалды?

2024 ж. 23 желтоқсан
​Усик Фьюриді екінші рет жеңді. Тарих қалай жасалды?
Фото: Getty Images

Алыптар айқасы

Ауыр салмақтағы бокстан әлем чемпионы украиналық Александр Усик Сауд Арабиясында өткен реваншта британиялық Тайсон Фьюриді тағы да жеңіске жетіп, жеңіліссіз сериясын жалғастыра түсті.

Алдын ала тарихи деп аталған жекпе-жекке қатысқаны үшін екі боксшы рекордтық сыйақы алады. Екі спортшы 190 миллион долларды бөліп алды.

Сонымен 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Усикке берді. Қорытынды есеп: 116-112. Осылайша украиналық боксшы 23-ші жеңісіне жетіп, үш чемпиондық белбеуді сақтап қалды.

Айта кетейік, бұл 37 жастағы украиналық Усик пен 36 жастағы британиялық Фьюридің екінші кездесуі болды. Бірінші жекпе-жек те 2024 жылдың мамыр айында Сауд Арабиясында өткен еді.

Ол кезде украиналық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңімпаз деп танылды. Фьюри өз жеңілісін мойындамай, бірден реванш сұрады. Усиекпен кездескенге дейін "Сыған патшасы" деген лақап аттағы Тайсон бірде-бір жекпе-жекте жеңілмеген еді. Оның есебінде 34 жеңіс пен тек бір тең нәтиже болды.

Тарих жасалды

Енді Усик 1999 жылдан бері ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті чемпион болды. Ол негізгі төрт бокс ұйымының, яғни IBF, WBO, WBA және WBC чемпиондық белбеуін жинады.

Фьюримен екінші жекпе-жекке қатысу үшін Усик IBF белбеуінен бас тартты, өйткені ол алдыңғы қарсыласымен титулды қорғауды міндеттемейді.

Осылайша, олардың екінші кездесуінде үш бокс ұйымының: WBC, WBA және WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атақтары сарапқа салынды. Олардың иегері "белбеулерді біріктірген" әлем чемпионы атағын алатын болды.

Абсолютті әлем чемпион болғанға дейін Усик 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын. Фьюримен кездескенге дейін ол 22 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен еді.

Усик пен Фьюридің екінші жекпе-жегін кәсіпқой бокс тарихында алғаш рет жасанды интеллект қадағалады. Алайда жеңіс туралы шешім оның қатысуынсыз қабылданды. Жасанды интеллект шешімімен де украиналық боксшысы жеңімпаз атанды.

Дегенмен Фьюри өзінің жеңілгенін мойындаудан бас тартты.

"Төрешілер оған Рождествоға сыйлық жасады. Мен екі жекпе-жекте де жеңіске жеттім деп ойлаймын. Мен оны нокаутқа қалай жіберу керектігін білемін, бірақ бұл бокс, сондықтан мұндай да болуы мүмкін. Бірақ мен жеңіске жеткеніме күмәнім жоқ", - деп мәлімдеді британиялық боксшы.

Шаршы алаңға шыққанда Фьюри Усиктен 15 сантиметрге жоғары және шамамен 25 келіге ауыр болғанын да айта кетейік.

Ақша және абсолют

Сондай-ақ реванш боксшылардың сыйақасы бойынша жалпы рекордты да жаңартты. Екі спортшының алатын сыйақасы 190 миллион доллар болды.

Алғашқы кездесу үшін Усик пен Фьюри шамамен 100 миллион долларды бөліп алған еді. Ол кезде 70 миллион доллар британиялыққа бұйырған. Бұл жолы чемпион және екінші жекпе-жектің жеңімпазы ретіндегі Усиктің сыйақысы әлдеқайда көп болуы керек.

Усиктің екінші жеңісі Фьюримен мүмкін үшінші жекпе-жектің ауылын алыстатты, дегенмен бұл мүмкіндік келісімшартта қарастырылған.

Алайда Усик франциялық Даниэль Дюбуамен реваншқа келісіп үлгерді. Себебі украиналық боксшы оны жеңетін болса, бокстан абсолютті әлем чемпионы атағын қайтаруып алуы мүмкін.