Уайлдер мен Фьюри – негізгі кард және букмекер кімге бәс тігеді
Америкалық Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 KO) және британдық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 KO) арасындағы қарымта кездесуді сарыла күтіп жүргендер көп. 2018 жылы желтоқсан айында өткен бірінші жекпе-жекте жеңімпаз анықталмай, екеуі тең түскен. Содан да болар, таңертеңгі жекпе-жектің қалай аяқталатынын болжап, бәс тігушілер де жетерлік.
Осы ретте, біз сіздердің назарларыңызға қазақстандық 1XBET букмекер кеңсесінің коэффициенттерін көлденең тартқанды жөн көрдік. Негізі, олар да бұл жекпе-жекте нақты фаворит жоқ екенін білдіреді. Сонымен:
Уайлдердің жеңісі – 1,88
Фьюридің жеңісі – 2,075
Тең нәтиже – 23
Жекпе-жек толық өтеді (иә) – 2,23
Жекпе-жек толық өтпейді (жоқ) – 1,57
Енді Уайлдер мен Фьюри арасындағы қарымта кездесудің негізгі кардында шаршы алаңға шығатын боксшылар жұбымен танысыңыздар (жекпе-жектердің өткізілу ретінде өзгерістер болуы да ықтимал):