«Странджа» кубогы: Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды

Бокстан Болгария астанасы Софья қаласында дәстүрлі «Странджа» кубогы аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды. Бірақ өзбек боксшыларымен кездесуде барлық жерлестеріміз ұтылды.
Осымен 76-шы рет өткен жарыста Қазақстан сапынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов 86 (келі) чемпион атанды.
Өкінішке қарай, финалда бірнеше боксшымыз өзбекстандық қарсыластарынан жеңілді. Атап айтсақ, 54 келі салмақта Тимур Қабдешов Шахзод Музафаровқа есе жіберді. Одан кейін 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Фазлиддин Еркінбоевтан, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Жахонгир Закировтен айласын асыра алмады.
Дегенмен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орын алды. Жүлделер саны бойынша да қара үзді. Алтын бойынша Өзбекстанмен тең болғанымызбен, күмістен Қазақстан озық шықты. Ерлер арасында отандастарымыз 18 медаль жеңіп алды.
Қазақстан биылғы жарыста ең үздік көрсеткішін тіркеді.
Алтын алғандар:
- Ертуған Зейнуллин (63,5 келі)
- Төрехан Сабырхан (67 келі)
- Абылайхан Жүсіпов (71 келі)
- Сабыржан Аққалықов (75 келі)
- Бекзад Нұрдәулетов (86 келі)
Күміс алғандар:
- Даниял Сәбит (51 келі)
- Тимур Қабдеш (54 келі)
- Серік Теміржанов (60 келі)
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі)
- Фарух Тоқтасынов (71 келі)
- Тимур Нұрсейітов (75 келі)
- Ерасыл Жақпеков (80 келі)
- Нұрбек Оралбай (86 келі)
- Айбек Оралбай (+92 келі)
Қола алғандар:
- Теміртас Жүсіпов (48 келі)
- Оразбек Асылқұлов (57 келі)
- Талғат Сырымбетов (60 келі)
- Данияр Рахымбердиев (92 келі).
Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздар Болгариядағы "Странджа" турнирінде 15 медаль жеңіп алып, жалпы жүлде саны бойынша үздік атанды.
Алтын жүлде:
- Ләззәт Күнгейбаева (+81 кг)
Күміс жүлделер:
- Әйгерім Сәттібаева (48 кг)
- Әнел Сақыш (54 кг)
- Айдана Забынбекова (57 кг)
- Римма Волосенко (60 кг)
- Жібек Жарасқызы (81 кг)
- Дина Исламбекова (+81 кг)
Қола жүлделер:
- Элянур Турганова (50 кг)
- Жансая Рахымберді (52 кг)
- Жазира Орақбаева (52 кг)
- Сымбат Әлиасқар (54 кг)
- Лаура Есенкелді (63 кг)
- Гаухар Шайбекова (66 кг)
- Азиза Исина (70 кг)
- Шұғыла Нәлібай (75 кг)
Қытай құрамасы (3 алтын) жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, ал Қазақстан қыздары 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен 4-орынға жайғасты, бірақ медаль саны бойынша көш бастады.
Бұл – қазақстандық бокс үшін зор жетістік. Қыздарымызды құттықтаймыз!