Шаршы алаң сыртындағы айқас – Джермалл қалай бауырынан басым түсті?

2018 ж. 27 қазан
Шаршы алаң сыртындағы айқас – Джермалл қалай бауырынан басым түсті?

Желтоқсанның 22-сі күні бір кеште шаршы алаңға шығуды жөн көрген америкалық әйгілі ағайындылар – Джермалл мен Джермелл Чарло қайсысы басты жекпе-жекте айқасатынын ерекше мәнерде анықтады.

Айта кетейік, әлі күнге жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген ағайындылар бір-бір салмақтың чемпиондары. Джермелл екінші жартылай орта салмақта WBC супер чемпионы, Джермалл дәл осы тұжырымның орта салмақтағы уақытша чемпионы. 72,6 келіге ауысқанға дейін ІВҒ супер чемпионы болған. Былайша айтқанда, атақтары бір-бірінен өтеді.

22 желтоқсан күні Бруклиндегі кешті бөлісуді жөн көрген ағайындылар қайсысының басты айқаста жұдырықтасатынын анықтау үшін қызықты тәсілге барыпты. Тіпті, осыған байланысты арнайы баспасөз мәслихатын да өткізген. 1980 жылдары аса ауыр салмақта Американың ең әйгілі боксшыларының бірі болған Джерри Куни көпшіліктің алдына Джермалл және Джермелл Чарло, сондай-ақ, олардың осы кештегі қарсыластары Вилли Монро мен Тони Харрисонды алып шығып, жеребе тартқан. Дүниежүзілік бокс кеңесінің арнайы тапсырысымен жасалған монетаның бір жағында Мұхамед Әлидің бейнесі салынса, екінші жағында осы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсету құқығына ие болған ҒОХ телеарнасының логотипі жапсырылыпты. Жеребе кештің басты жекпе-жегінде Джермалл Чарло мен Вилли Монроның төбелесетіндігін анықтап берді.

Текст: Sadvakas Maikibayev