Руслан Мәдиевтің Таиландтағы қарсыласы кім болады?
Ringkz.com порталының қолда бар ақпаратына сәйкес, жақын арада қазақстандық боксшы Руслан Мәдиевтің жартылай орта салмақтағы WBA Asia титулын алғаш рет қорғауы үшін қарсыласы табылуы мүмкін.
Африкаға да жеттік
Руслан Мадиевті (16-2, 6 КО) жан-жақты қолдаумен айналысып жатқани қазақстандық Irfin Promotions компаниясы бірнеше ай бұрын WBA Asia нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) чемпиондық титулды қорғау үшін қарсыластарды іздеу мәселесін белсенді түрде пысықтағанын бірден атап өткен жөн.
Соңғы кандидаттардың бірі, мысалы, оңтүстік африкалық Кхая Бусакве (12-3-1, 11 КО) болды. Ол 2023 жылы өзінің салмақ дәрежесінде Оңтүстік Африканың кәсіпқойлар арасында чемпионы атанған, содан кейін бұл атағын 3 рет сәтті қорғап шықты.
Келіссөздер барысында оңтүстік африкалық боксшының ақысы да келісілгені белгілі болды. Алайда содан кейін жоқ болып кетті. Сондықтан Irfin Promotions басқа боксшыны іздеуді жалғастырды.
Танзаниялықтарды осал деп ойламаңыз
Ringkz.com порталына белгілі болғандай, Руслан Мадиевтің ықтимал қарсыласы ретінде танзаниялық Фикири Салум Мохамед (12-1-1, 11 КО) қарастырылып жатқаны белгілі болды.
Фикири қазір 26 жаста, солақай және Танзанияның кәсіпқойлар арасындағы чемпионы. BoxRec нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан Танзанияның ең мықты 10 боксшысының қатарына кіріп, қазір 9-орын тұр.
Бұл елдің өкілдері қазір BoxRec рейтингтеріндегі салмақ категорияларында айтарлықтай маңызды рөлдерде тұр, сондықтан Танзания боксшыларын мүлдем менсінбеуге болмайды. Мысалы жеңіл салмақтағы Фадили Маджиха қазір өте жоғары 14-ші орынға жайғасқан.
Айтпақшы қазақстандықтардың өз салмақ дәрежесінде BoxRec рейтингінде тек Жәнібек Әлімханұлы ғана жоғары орынға ие. Тіпті екінші орында тұрған Сұлтан Зауырбек, қазіргі уақытта екінші орташа салмақ бойынша 22-ші болып тұр.
Титул үшін жекпе-жек
Фикири Салум Мохамедке қайта оралсақ. Ол кәсіби мансабында жалғыз рет 2023 жылдың маусым айында WBO c нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Пәкістан боксының өсіп келе жатқан жұлдызы Усман Вазирге (14-0, 10 КО) жеңілген еді. Жекпе-жек Вазирдің елі Пәкістанда өтті және 8 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен аяқталды. Осы тұста төрешілердің екеуі пәкістандық болғанын да айта кетейік.
Нокауттар - бірінші раундта
Бір қызығы, WBO атағы үшін жекпе-жектен кейін Фикири Салум Мохамед 4 жекпе-жек өткізді. Оның үшеуі 2024 жылы өтіп Фикиридің жеңісімен аяталды. Ол барлығында техникалық нокаутпен және бірінші раундта жеңіске жеткенін ерекше ескеруге болады.
Қазіргі кезде WBA Asia нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулды қазақстандық Руслан Мәдиев 2025 жылғы 1 ақпанда Таиланд астанасы – Бангкокта өтетін бокс кешінде өткізетіні белгілі. Irfin Promotions компаниясы ұйымдастыратын бұл бокс кешінде тағы үш қазақстандық өнер көрсетеді. Осы айтулы кеш туралы және біздің спортшылардың қарсыластары жайлы мына мақаладан оқуға болады.