Ресми: Сондерс пен Исуфи WBO тұжырымының «уақытша» чемпиондығына таласады

2019 ж. 26 наурыз
Ресми: Сондерс пен Исуфи WBO тұжырымының «уақытша» чемпиондығына таласады

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс (27-0, 13 KOs) пен Германия еленің өкілі Шефат Исуфи (27-3-2, 20 KOs) WBO тұжырымының екінші орта дивизионы бойынша «уақытша» чемпиондықты сарапқа салады. Кездесу Хартфордширдегі (Англия, Ұлыбритания) Lamex стадионында мамырдың 18-і күні өтеді.

Бұған дейін боксшылар толықтай чемпиондық титулды сарапқа салады деп жоспарланған болатын. Бірақ, WBO-дің екінші орта салмақтағы қазіргі чемпионы Хильберто Рамирестің өз салмағынан ауырырақ салмақта дебюті болатынына қарамастан, белбеуді босатпайтыны белгілі болады.

Естеріңізге салсақ, өткен жыл Сондерс үшін сәтсіздіктерге толы болды. Британдық былғары қолғап шебері допинг-тестінен өте алмай, орта салмақтағы титулынан өз еркімен бас тартты. Оған қоса, туған елінен жырақта жекпе-жек өткізу үшін берілетін лицензиясынан да айырылып қалды. 2018 жылдың желтоқсанында Билли Джо жартылай ауыр салмақта рингке қайта оралып, ганалық джорнимен Чарльз Адамды жеңген еді. Ал болашақ қарсыласы Исуфи болса, өткен жылы өзінің WBO Inter-Continental белбеуін екі мәрте сәтті қорғап шыққан болатын. Айта кететіні, кәсіпқой шаршы алаңда жүргеніне 9 жылдың жүзі болған ата-тегі серб неміс боксшысы үшін Сондерс ең алғашқы мықты қарсылас.