Олимпиада-2024: Қазақстандық боксшылар Францияға аттанды
Париж Олимпиадасына қатысатын бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Францияға аттанды.
ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. «Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта 10 олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады», – делінген федерация таратқан хабарламада.
2024 жылғы Олимпия ойындарының бокстан алдын ала жарыс кестесі төмендегідей:
27 шілде
1/16 финал
63,5 келі (ерлер) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы.
28 шілде
1/16 финал
57 келі (ерлер) – Махмұд Сабырхан;
71 келі (ерлер) - Асланбек Шымбергенов;
50 келі (әйелдер) - Назым Қызайбай;
92 келі (ерлер) - Айбек Оралбай.
29 шілде
1/8 финал
63,5 келі (ерлер) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (келесі кезеңге өтсе);
+92 келі (ерлер) - Қамшыбек Қоңқабаев.
30 шілде
1/16 финал
57 келі (әйелдер) - Карина Ибрагимова.
1/8 финал
51 келі (ерлер) - Сәкен Бибосынов;
80 келі (ерлер) - Нұрбек Оралбай.
31 шілде
1/8 финал
57 келі (ерлер) - Махмұд Сабырхан (келесі кезеңге өтсе);
71 келі (ерлер) - Асланбек Шымбергенов (келесі кезеңге өтсе);
75 келі (әйелдер) - Валентина Хальзова.
1 тамыз
1/8 финал
50 келі (әйелдер) - Назым Қызайбай (келесі кезеңге өтсе).
Содан кейін жартылай финалға шығу үшін тартыстар басталады.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта бақ сынайды.