Мейвезердің ізімен: Дэвис Нацукавамен сәуір айында шаршы алаңға шығады

2019 ж. 11 ақпан
Мейвезердің ізімен: Дэвис Нацукавамен сәуір айында шаршы алаңға шығады

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлемнің чемпионы, америкалық Джервонта Дэвис (21-0, 20 KOs) көктемде екі жекпе-жек өткізеді.

Өткен сенбіде Карсон қаласында (АҚШ) 24 жастағы америкалық боксшы Джервонта Дэвис екінші ең жеңіл салмақтың экс-чемпионы, мексикалық Уго Риусты мерзімінен бұрын жеңді. 130 фунтқа (58,967 кг) дейінгі салмақ дәрежесінде WBA (Super) титулының иегері өзінің тәжірбиелі қарсыласын нокаутқа түсіріп, белбеуін қорғап қалу үшін небәрі бір ғана раунд өнер көрсетті.

Боксшының промоутері, әрі тәлімгері кіші Флойд Мейвезердің айтуынша, Дэвис өзінің кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін мамыр айында өткізеді. Алайда, оған дейін ол кикбоксшы Тенсин Нацукавамен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанады.

Егер Дэвис қарсы болмаса, біз мамыр айында жекпе-жек өткіземіз. Сәуір айында ол RIZIN жапондық промоутерлік компаниясы өткізетін кеште Тенсинге қарсы рингке шығады. Мен «Танкпен» мақтанамын (Дэвистің лақап аты). Ол белсенді жұмыс істеуде. Сәуір айында Тенсинмен бірге жұдырықтассақ,  мамыр айында нағыз шайқас болады,-дейді Мейвезер.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың тамыз айында Мейвезер бокста дебюті болған  UFC жауынгері Конор Макгрегорді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін Нацукавамен 3 раундтық жекпе-жекте қолғап түйістірді еді. 41 жасар Флойд 20 жасар кикбокстың жұлдызын 3 рет құлатып, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.