Майки Гарсия мен Эррол Спенс жекпе-жек туралы келісті

2018 ж. 14 қараша
Майки Гарсия мен Эррол Спенс жекпе-жек туралы келісті

Келесі жылдың 16 наурызында бокс жанкүйерлерін ғаламат жекпе-жек күтіп тұр. Техастың Арлингтон қаласында Эррол Спенс пен Майки Гарсияның айқасады.

Головкин мен Канелоның жекпе-жегінен бір мысқал да кем түспейтін текетірес жартылай орта салмақта өтеді. Спенспен төбелесу үшін Майки Гарсия екі салмақ дәрежесіне көтеріліп отыр. Бұған дейін жартылай жеңіл, екінші жартылай жеңіл, жеңіл және бірінші жартылай орта салмақтарда чемпиондық белбеулердің иегері болған Мигель Анхель Гарсия үшін бұл кәсіпқой бокстағы 40-шы айқас болмақ. Әлі күнге жеңілістің кермек дәмін татып көрген емес. Рекордсы жүз пайыздық жеңістен тұрады және 30 қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Өз кезегінде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиевпен бір салмақта жұдырықтасып, ширек финалда ресейлік Андрей Замковойдан жеңілген Эррол Спенс кәсіпқой бокста 24 рет шаршы алаңға шығып үлгерген. АҚШ-тағы ең таңдаулы боксшылардың бірі. 21 қарсыласын айқын басымдықпен жеңген.

Сонымен, АҚШ-тағы ең таңдаулы боксшылардың жекпе-жегі 2019 жылдың 16 наурызына жоспарланып отыр. Боксшылар ІВҒ чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Текст: Sadvakas Maikibayev