Кроуфорд Бенавидесті құлатты, келесі кезек кімде?

2018 ж. 14 қазан
Кроуфорд Бенавидесті құлатты, келесі кезек кімде?

АҚШ-тың Омаха қаласында өткен жекпе-жек кешінде америкалық қос мықты Теренс Кроуфорд пен Хосе Бенавидес кездесіп, Р4Р королі жартылай орта салмақ дәрежесіндегі WBO чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Екеуінің жекпе-жегі жайлы айтылып жүргеніне біраз уақыт болған. Маусым айында Джефф құлатқаннан кейін-ақ Кроуфордтың шаршы алаңға 13 қазанда қайта шығатыны белгілі болды. Ал қыркүйектің басында Бенавидеспен ресми түрде келісті.

Жалпы, бүгінде Теренс Кроуфорд Америкада Флойд Мейэузерден кейінгі ең үздік боксшы саналады. Кезінде Мейуэзердің фанаты болғандардың барлығы бүгінде Теренстің жанкүйерлеріне айналған. Әлбетте, оның көздегені Хосе Бенавидес емес еді. Жыл басынан айтып жүргені – Эррол Спенс. IBF чемпионы саналатын Эррол осы салмаққа Кроуфорд көтерілмей тұрып, осы салмақтың үздігі болатын. Шамасы, екеуінің 2019 жылдың басында өтетін секілді.

Дегенмен, Хосе Бенавидес те осал боксшы емес. Кроуфордқа дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген. 27 жеңісінің 18-ін нокаутпен аяқтаған. Теренске де «тістеріңді қағып, басыңды жұлам» деген сынды қорлауларды жаудырған. Кейбір сөздерін цензураға байланысты жазбай отырмыз. Әйтпесе, жекпе-жек алдында Бенавидестің айтпағаны жоқ. Ал салмақ өлшеу рәсімінде Теренсті кеудеден итеріп жіберіп, төбелесіп те қала жаздаған.

Дегенмен, жекпе-жек толығымен Теренс Кроуфордтың басымдығымен өтті. Ара-қашықтықты жақсы сақтап, қарсыласын жақындатпай, еш мүмкіндік берместен жеңіске жеткен Р4Р королі айқастың аяқталуына 20 секунд қалғанда қарсыласын нокаутқа түсірді. Негізі, оның алдында Кроуфорд Хосені бір есеңгіретіп алған. Екіншісінде төреші арашалап қалмағанда Бенавидестің халі мүлдем мүшкіл болар еді.

Сонымен, Кроуфордтың кезекті нокауты. Қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып келе жатқан ол 34 жеңісінің 25-ін нокаутпен аяқтаған. Ендігі кезек Эррол Спенске келіп жеткен секілді.

Текст: Sadvakas Maikibayev