«Канело» VS Джейкобс : Альварес мамыр айында Головкиннің экс-қарсыласымен жұдырықтасады

2019 ж. 19 қаңтар
«Канело» VS Джейкобс : Альварес мамыр айында Головкиннің экс-қарсыласымен  жұдырықтасады

Орта дивизионда оза шапқандардың бірі (160 фунтқа дейін немесе 72,574 килограмм) WBC мен WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Canelo Альварес (51-1-2, 35 KOs) пен IBF-тің чемпиондық титул иегері америкалық Дэниел Miracle Man Джейкобс (35-2, 29 KOs) 4-мамырда біріктірілген жекпе-жекте жұдырықтасады.

Мегафайттың өтетін жері әлі анықталмаған. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қанжығасына 3-ші чемпиондық белбеуді байлаған 28 жасар «Канело» мен 31 жасар Джейкобс Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында қолғап түйістіруі мүмкін. Алдыңғы айда Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де ла Хойя өз қарамағындағы боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 KOs) арасындағы үшінші жекпе-жекті 4- мамырда өткізу туралы келіссөздерді бастағанын мәлімдеген еді. 2017 жылғы кездесуде қос боксшы тең түссе, бір жылдан кейін төрешілердің дені жеңіс пен орта салмақтағы екі чемпиондық титулды Альвареске берген болатын. Алайда, «Канело» мен Ко жоспары өзгеріп немесе GGG-ды GBP қойған талаптар қанағаттандырмаса керек. Алдағы алты айда немесе Джейкобспен мачт-реванш болған жағдайда әлем бұл жылы казақ-мексика триологиясын көрмейтіні айдан анық.
2017 жылы төрешілердің бірауыз шешімімен Головкинге есе жіберген Джейкобсты мексикалық қарсыласымен тек чемпиондық мәртебе ғана емес, сонымен қатар, видеоплатформада біріктіреді. Жақында Дэниел өзінің алдағы 3 жекпе-жегінің көрсетіліміне DAZN стримингтік қызметімен келісімшартқа қол қойғаны белгілі болды. Альвареспен кездесу IBF чемпионы үшін бүгінгі күні танымалдығы артқан ресурспен келісім аясындағы алғашқы жекпе-жек. Естеріңізге салайық, «Канелоның» алдыңғы жылғы DAZNмен 5 жылға жасасқан 11 жекпе-жек үшін 365 млн АҚШ доллары ең үлкен кепілдеген қаламақы ретінде спорт тарихына енді.
Головкиннің 2019 жылы бокстық жекпе-жектерінің көрсетілімін тоқтатқан американдық НВО премиум телеарнасымен келісемшарты аяқталды. Енді еркін агент мәртебесіндегі қазақстандық DAZN, ESPN немесе PBCмен ынтымақтастық орнатуы мүмкін.

Текст: Sadvakas Maikibayev