Х сағаты – Головкин, әлде Альварес?

2018 ж. 15 қыркүйек
Х сағаты – Головкин, әлде Альварес?

Ертең таң әлекеуіммен Лас-Вегаста 2018 жылдың басты жекпе-жегі өтіп, шаршы алаңға орта салмақтың қос мықтысы мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин шығады. Кім жеңеді?

Дәл қаізр Лас-Вегаста үлкен думан. Бәрінің де аузында осы айқас. Билет жоқ, сыртта тентіреп жүргені қаншама. Қаланың бүкіл аумағын жекпе-жектің банерлері жаулап алған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін өткізіп, бір рет шекісіп те алды. Енді жекпе-жекті күтеміз. Бізді ғаламат айқас күтіп тұр.

Басты жекпе-жек (PPV айқас)

Геннадий Головкин, Қазақстан (38-0-1, 34 КО) – Сауль Альварес, Мексика (49-1-2, 34 КО)

Андеркарттар (PPV айқас)

Давид Лемье, Канада (39-4, 33 КО) — Гэри О’Салливан, Ирландия (28-2, 20 КО)

Хайме Мунгия, Мексика (30-0, 25 КО) — Брэндон Кук, Канада (20-1, 13 КО)

Роман Гонсалес, Никарагуа (46-2, 38 КО) — Мойзес Фуэнтес, Мексика (25-5-1, 14 КО)

Өзге жекпе-жектер.

Верджил Ортис, АҚШ (10-0, 10 КО) — Роберто Ортис, Мексика (35-3-2, 26 КО)

Алексис Роча, АҚШ (11-0, 8 КО) — Карлос Ортис Сервантес, Мексика (11-2, 11 КО)

Джаба Хоситашвили, Грузия (3-0, 2 КО) — Лоуренс Кинг, АҚШ (4-0, 3КО)

Брайан Себалло АҚШ (4-0, 2КО) – Дэвид Томас, АҚШ (6-3-1, 2КО)

Текст: Sadvakas Maikibayev