Головкин ESPN рейтингінде екінші тұр. Ал бірінші орында кім?

2018 ж. 23 мамыр
Головкин ESPN рейтингінде екінші тұр. Ал бірінші орында кім?

Күні кеше ғана ESPN телеарнасы әлем боксшыларының кезекті рейтингін жасады. Бұл тізімде жерлесіміз Triple G бұл тізімде екінші орында. Неге?

Әлем боксындағы ең объективті рейтингтердің бірі осы. ESPN агенттігінің тұрақты сарапшы-журналистері бар. Әрқайсысы өздерінің ТОП-10 боксшыларын түзулері тиіс. Сөйтіп, субъективті пікірден объективті рейтинг түзіледі.

Соңғы рейтингте әдеттегідей Василий Ломаченко көш бастап тұр. Украиналықтың соңғы жекпе-жектегі жарқын жеңісінен кейін сарапшылар оны тіптен қатты бағалайтын болған. Ал екі жылдан кейін шаршы алаңға оралған ортанқол боксшы Ванес Мартиросянды жеңген Геннадий Головкин екінші орында. Оны өз рейтингінде тек Чарльз Моиния ғана бірінші орынға қойған екен.

Сондай-ақ, ТОП-10 боксшының қатарында Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Майки Гарсия, Висаксет Вангек, Сергей Ковалев, Деонтей Уайлдер, Наоя Инуэ және Кит Турман бар. Тағы бір айта кетерлігі, бұл рейтингте Сауль Альварес мүлдем жоқ.

Ал сіз бұл рейтингпен қаншалықты келісесіз?

Текст: Sadvakas Maikibayev