Елшат Нығметолланың жарқырайтын кезі келді ме? Мақсат - WBA Asia белбеуі

2024 ж. 11 қараша
Елшат Нығметолланың жарқырайтын кезі келді ме? Мақсат - WBA Asia белбеуі

Қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы мен белгілі қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла WBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуге таласу туралы шешім қабылдауы әбден мүмкін. Бұл үшін барлық алғышарт бар.

Тәжірибелі боксшы

Елшат Нығметолланы (20-0-1, 7 КО) қазақстандық кәсіби бокстың қазіргі буынының ең тәжірибелі өкілдерінің қатарына жатқызуға толық құқығымыз бар.

Ол – 30 жаста. Ең жеңіл, яғни 53,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Кәсіби рингте 21 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жетті, оның 7-інде қарсыласын нокаутқа жіберді. Бір кездесуі тең аяқталғанын да айта кетейік.

Irfin Promotions-пен әріптестік

Осыған дейінгі 4 жылдан астам уақыт бойы Елшат қатты белсенді болмады. Осы кезең аралығында ол тек 2 жекпе-жек өткізді. Сондықтан 2024 жылды оның мансабы қайта жанданып, өрлеу жылы деп атауға болады.

Осыдан кейін Елшат Нығметолла қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясымен ынтымақтаса бастап, өзінің екі жекпе-жегін компания ұйымдастырған бокс кешінде өткізді. Алдымен 8 маусымда Шымкентте, содан кейін 21 қыркүйекте Алматыда өнер көрсетті.

Бірінші жекпе-жекте Елшат 6 раундтың қорытындысы бойынша Өзбекстаннан келген Сарвар Усмоновты (6-3, 5 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұпай бойынша жеңіп кетті. Есеп – 60:54, 58:56, 60:54. Ал Алматыда танзаниялық Мухсин Кизотаны (20-6, 12 КО) 3-раундта нокаутқа түсірді. Айта кетейік, ол кездесу 8 раундқа жоспарланған еді.

Белбеудің ауласы алыс емес?

Тағы бір отандасымыз Руслан Мәдиевтің өткен жолымен Елшат Нығметолла да жүріп өтсе ғажап емес. Себебі WBC Asia үміткерлер рейтингінде ол 53,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ТОП-10 боксшының қатарына кіріп, қазір 8-орында тұр.

Елшат өнер көрсететін салмақтың қазіргі чемпионы - таиландтық Юттапонг Тонгди (15-0, 9 КО). Ол 2024 жылдың 1 маусымында франциялық Джулиан Фантомды (8-2, 5 КО) жеңіп, осы уақытқа дейін титулын қорғап үлгерді. Дегенмен Тонгди 5 айдан астам уақыт бойы шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал бокс қауымдастығының ережесіне сәйкес, дәл осы мерзім аяқталғаннан кейін, яғни 150 күнде, боксшы WBA Asia атағынан айырылады.

Алайда дәлелді себеп ретінде таиландтық боксшысының 24 желтоқсанда WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жапониялық Йошики Такеймен (10-0, 8 КО) жекпе-жекгін айтуға болатын сияқты.

Неге таласпасқа?

Бірақ бұл жекпе-жек қалай аяқталса да Тонгди WBA Asia белбеуі үшін таласпауы мүмкін. Осы тұста бұл атақ үшін неге Елшат Нығметоллаға таласпасқа? Себебі ол үздік 10 үміткердің қатарына кіріп тұр.

Айта кетейік, Алматыда өткен бокс кешіне WBA Asia басшылығының екі өкілі, атап айтқанда бас хатшы кореялық Вон Ким және төрешілер комитетінің басшысы таиландтық Чалерм Прайадсаб қатысты. Бұл Irfin Promotions-тің осы бокс қауымдастығымен өзара әрекеттесу тәжірибесі бар екендігінің тағы бір дәлелі.

Текст: Admin Admin