Екінші сұрыптағы алыптар айқасы немен айқталады?..

2018 ж. 28 шілде
Екінші сұрыптағы алыптар айқасы немен айқталады?..

Бүгін Англия астанасы Лондонда екінші сұрыптағы алыптар ұлыбританиялыққ Диллиан Уайт пен аустралиялық Джозеф Паркер аяқасады. Кеше боксшылар салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

Екінші сұрыпты алыптар деп айдар тағуымыздың өз себебі бар. Бұл салмақта барлық чемпиондық белбеулер Энтони Джошуа мен Деонтей Уайлдерге тиесілі. Сондай-ақ, Александр Поветкин, Тайсон Фьюри, Тони Белью сынды ТОП боксшылар бар. Дегенмен, Диллиан Уайт пен Джозеф Паркер де осал боксшылар емес.

Екеуінің де еншісінде бір-ақ жеңілістен бар. Диллиан Уайт 24 кездесуінің біреуінде ғана жеңіліп, қалғанының барлығында қарсыластарынан басым түссе, Паркер де бір рет ұтылып, 24 жекпе-жекте мерейі үстем болған. Екеуі де осы салмақтағы барлық белбеудің иесі Энтони Джошуаның алдында тізе бүккен. Уайт тіпті, нокаутпен жеңілген. Алайда, британиялық боксшы өзінің бұл нокаутын ерлікке балап отыр. «Мен Паркер сияқты Джошуадан қорқып жүріп алған жоқпын. Қолымдағы жарақатқа қарамастан соңына дейін айқастым. Сондықтан, нокаутпен жеңілгеніме өкінбеймін, – деді Диллиан.

Өз кезегінде Паркер де қайтайын деп тұрған жоқ. «Мен бұл қара баланы Джошуадан да ерте ұйықтатамын», – деп өзіне бек сенімді.

Бүгін боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті. Диллиан Уайттың салмағы 117,3 келіні көрсетсе, Паркер 109,8 келіні құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 12 раундтан тұратын жекпе-жекте боксшылар WBC Silver мен WBO International чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Текст: Sadvakas Maikibayev