Энтони Джошуа – Келесі қарсыласымның Уайлдер болғанын қалаймын
Абсолютті салмақта WBA, IBF және WBO чемпиондық белбеулерінің иегері Энтони Джошуа келесі жекпе-жегінде Деонтей Уайлдермен төбелескісі келетінін мәлімдеді.
Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, жанкүйерлермен кездескен Энтони Джошуа алдағы жоспарларымен бөлісе отырып, келесі қарсыласының Деонтей Уайлдер болғанын қалапты. Естеріңізге сала кетейік, WBC чемпионы Уайлдер келесі айқасын 1 желтоқсанда Лос-Анжелесте Тайсон Фьюриге қарсы өткізеді. Ал Джошуаның келесі кездесуі 2019 жылдың 13 сәуіріне жоспарланған. Бірақ, қарсыласы әзірге белгісіз.
– Маған Уайлдердің жеңгені керек. Егер ол чемпион болса, біздің кездесу мүмкіндігіміз артады. Бұл жекпе-жекті ұзаққа созбай, қазір өткізу қажет. Өйткені, дәл қазір екеуміз де чемпионбыз. Карьерамыздың шыңындамыз. Бәрі біздің төбелесімізді көруге құштар. Бір рет емес, екі рет кездесуге дайынбыз. Біріншісі Лондонда «Уэмблиде» өтуі тиіс, қарымта айқасты АҚШ-та өткізе аламыз. Ал абсолютті чемпион болсам, келесі қарсыласым Олександр Усиктің болғанын қалаймын. Ол ауыр салмақтағы барлық белбеулердің иегері. Бұл да тарихи керемет текетірес. Одан кейін Тайсон Фьюри және Дилиан Уайтқа қарсы шаршы алаңға шығуға қарсы емеспін, – деді Энтони Джошуа.
Дегенмен, Джошуа Уайлдермен 1 желтоқсанда жеңіліп қалса да, кездесуге қарсы еместігін жеткізді. «Көпшіліктің қалауы осы қарсылас. Сондықтан, Уайлдер қашып кетпесе, Фьюриден жеңіліп қалғанына қарамастан келесі жылдың сәуірінде онымен төбелесуге дайынмын», – деді британиялық боксшы.