Бекман Сойлыбаевтын келесі жекпе-жегіне 12 сағат қалды.

2015 ж. 27 тамыз
Бекман Сойлыбаевтын келесі жекпе-жегіне 12 сағат қалды.

Ақырғы екі ай бойы өткізген жұмыс бос жасалмады. Лос Анжелестің Wild Card залында өткен жаттығулар үлкен жекпе-жекпен аяқталмақ.

Сойлыбаев 12 сағаттан кейін кәсіби бокс жолын таңдағаны бекер емес екендігін дәлелдеу керек. Казіргі кезеңде біздің боксшы тәжірибе және ұпай жинап, жақын болашақта дәреже үшін бокстасуға дайын болады. Бұл Бекманнын алтыншы  жекпе-жегі болады. Сарапшылардың ойы бойынша Сойлыбаев үшін бұл қиын кездесулердің бірі болмақ. Оның қарсыласы Хосе Арайза тәжірибелі боксшылардың бірі, ол WBO және IBF нұсқалары бойынша дәрежелі кездесулер өткізуде. Жекпе-жек статистикалары да өзін-өзі үшін айтып отыр : 31 (22КО) -13-1. Кездесу Астана уақытымен таңғы сағат алтыда басталады, біздің жұп он бірінші болып шықпақ. Сонымен қатар Orange County – да өткізіліп отырған кәсіби бокс шоуында екі ресейлік жас боксшылар өнер көрсетпе , олар Дмитрий Биллов 3(3КО) – 0-0 және Сергей Кузьмин 3 (1КО).

Текст: Sadvakas Maikibayev