АЛМАТЫДА WBA БЕЛБЕУІ САРАПҚА САЛЫНАДЫ

2024 ж. 25 шілде
АЛМАТЫДА WBA БЕЛБЕУІ САРАПҚА САЛЫНАДЫ

Алматыда өтетін бокс кеші аясында жекпе-жектің бірінде WBA Asia титулының иегері анықталады. RingKZ порталы қазіргі уақытта бұл атаққа қай елдің боксшылары ие екенін және олардың арасында танымал адамдар бар-жоғын анықтады.

Irfin Promotions титулдық жекпе-жек өткізе алатын болды!

RingKZ порталына белгілі болғандай, WBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу 21 қыркүйекте Алматыда қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде анықталады.

WBA - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы әлемдегі ең беделді төрт кәсіпқой бокс ұйымының қатарына кіреді. Сондықтан Irfin Promotions компаниясының WBA Asia атағы үшін жекпе-жек өткізуге ресми түрде рұқсат алуы - 21 қыркүйекте Алматыда бокс кешін ұйымдастырушыларға деген сенімнің дәлелі.

Қазіргі уақытта WBA Asia белбеуіне Ресей, Словакия, Таиланд, Филиппин, Біріккен Араб Әмірліктері, Армения, Тәжікстан және Өзбекстан боксшылары ие. Көріп отырғаныңыздай, олардың арасында қазақстандықтар әлі жоқ. Сондықтан Irfin Promotions компаниясының Азия континентінде чемпион деңгейіне шығуға деген ұмтылысын барынша қолдау керек.

Сол баяғы Папин

WBA Asia нұсқасы бойынша қазіргі чемпиондарға келетін болсақ, олардың қатарында өте танымал боксшылар бар. Мысалы 90,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Алексей Папин (17-1, 16 КО) чемпион.

BoxRec беделді статистикалық интернет-ресурсының рейтингінде ол қазір әлемде 7-ші орында. Папиннің жоғарғы деңгейінің тағы бір дәлелі, айталық, ол өзінің салмағында кәсіби бокстың ең құрметті басылымы - The Ring журналының рейтингінде 5-ші орында болуы. Ал бұл басылымның рейтінгі WBC, WBA, IBF және WBO атақтарымен бір деңгейде.

Таиланд джокері

Егер біз WBA Asia чемпиондарын алыс шетелден іздесек, көзге бірден таиландтық Ютапонг Тонгди (15-0, 9 КО) түседі. Ол ең жеңіл салмақта (53,5 килограмға дейін) өнер көрсетеді.

WBA әлемдік рейтингінде Тонгди өзінің салмақ дәрежесінде үздік 15 боксшының қатарына кіреді. Ал BoxRec рейтингінде Таиландтан өкілі өте жоғары, яғни 27-ші орында тұр.

Салыстыру үшін айта кетейік, BoxRec рейтингтерінде тек 4 қазақстандық 27-ші позициядан жоғары тұр. Олар: Жәнібек Әлімханұлы (4-орын), Мейірім Нұрсұлтанов (7), Жанқош Тұраров (12) және Сұлтан Заурбек (22).

P. S. Сондықтан 21 қыркүйекте Алматыда WBA Asia белбеуінің иегері болған адам, бірден жоғары элитаға көтеріледі. Бұл чемпиондық атақ қандай салмақ дәрежесінде сарапқа салынатыны туралы RingKZ порталы кейінірек хабарлайды. Сондықтан бокс мамандарында бұл сұрақтың жауабын логикалық жолмен тауып алуға әлі уақыт бар.