Айдар Шәрібаевтың алдағы айқасына киіп шығатын арнайы шапаны дайындалды

2017 ж. 3 қазан
Айдар Шәрібаевтың алдағы айқасына киіп шығатын арнайы шапаны дайындалды

Қазан айының 19-ы күні АҚШ-тың Джорджия штатының ең үлкен қаласы, әрі астанасы Атлантада  Айдар Шәрібаев өзінің кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін өткізеді.

Қарсыласы әзірге белгісіз. Жекпе-жекті ұйымдастырушылар оның есімін әзірге құпия ұстап отыр.  Қалай болған күннің өзінде Айдар  кез-келген қарсыласқа дайын екенін айтады.

Алматылық боксшының шаршы алаңға шығатын киім үлгісі де анықталды. Ұлттық нақышта тігілген киімнің басты ерекшелігі қазақы ою-өрнектерінде. Аспан түстес киім үлгісі көзге әдемі көрінеді. Енді Шәрібаевтың шаршы алаңдағы ұрыс-өнері соған сәйкес келіп, қарсыласынан жеңісті жұлып алып жатса, нұр үстіне нұр болар еді!

Естеріңізге сала кетейік Алматылық боксшы Айдар Шәрібаев кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Бесеуінде қарсыласын нокаутқа  жіберген.

Текст: Sadvakas Maikibayev