Айдар Шәрібаевтың алдағы айқасына киіп шығатын арнайы шапаны дайындалды
Қазан айының 19-ы күні АҚШ-тың Джорджия штатының ең үлкен қаласы, әрі астанасы Атлантада Айдар Шәрібаев өзінің кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін өткізеді.
Қарсыласы әзірге белгісіз. Жекпе-жекті ұйымдастырушылар оның есімін әзірге құпия ұстап отыр. Қалай болған күннің өзінде Айдар кез-келген қарсыласқа дайын екенін айтады.
Алматылық боксшының шаршы алаңға шығатын киім үлгісі де анықталды. Ұлттық нақышта тігілген киімнің басты ерекшелігі қазақы ою-өрнектерінде. Аспан түстес киім үлгісі көзге әдемі көрінеді. Енді Шәрібаевтың шаршы алаңдағы ұрыс-өнері соған сәйкес келіп, қарсыласынан жеңісті жұлып алып жатса, нұр үстіне нұр болар еді!
Естеріңізге сала кетейік Алматылық боксшы Айдар Шәрібаев кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Бесеуінде қарсыласын нокаутқа жіберген.