​ШЫМКЕНТТЕГІ БОКС КЕШІ: Назар аудартатын 5 факт

7 июня 2024 г.
​ШЫМКЕНТТЕГІ БОКС КЕШІ: Назар аудартатын 5 факт

RingKZ порталы 8 маусымда Шымкентте өтетін бокс кеші несімен қызықты екенін талдап, тартысты жекпе-жектер туралы дәйекті деректер ұсынуды жөн көрді.

1. Кең ауқымды іс-шара

Ұйымдастырушылар бокс кешін өткізудің өте жинақы әрі ыңғайлы нұсқасын ұсынды. Мәселен бағдарламада жалпы 8 жекпе-жек қарастырылған. Оның бесеуі, былайша айтқанда, көрерменді қыздыруға арналған. Ал қалған үш жекпе-жек кештің негізгі карды саналады.

Осыған орай шаршы алаңда болатын жекпе-жектердің барлық тартысты тұстарын тамашалау үшін негізгі кардтағы 3 кездесу 6 раундтық форматта өтеді. Қалған жекпе-жектер төрт раундтан тұрады. Яғни Шымкенттегі бокс кеші қызу әрі тартысты болмақ.

2. Қазақстандық боксшылар

Бір қызығы, Шымкентте өтетін бокс кешіне қатысуға келісім-шартқа отырған қазақ боксшылары еліміздің әр аймағанын іріктелген. Мәселен негізгі кардта 66,7 келіге дейінгі салмақта түркістандық Нұрдос Төлебай (11-0, 9 КО) шықса, Самат Жетібаев (6-0, 4 КО) пен Жолдас Жеңісов (6-0, 2 КО) Маңғыстау өңірінің тумалары. Қалған боксшыларымыз Қазақстанның әр аймағынан келмек, боксшылар географиясы Алматы, Тараз, Қызылорда деп кете береді.

3. Үлкен жеңістерге құштар

Тағы бір маңызды жайт, барлық қазақстандық қатысушылардың рингте өзін дәлелдейтін құлшынысы бар. Себебі олардың барлығына жарқын жеңістер ауадай керек.

Дебют жасап, алғаш рет шығып жатқандар барынша жарқын жекпе-жек көрсеткісі келеді. Ал тәжірибелі боксшылар мансабын әрі қарай дамытып, жоғары деңгейге көтерілу үшін барын салмақ. Яғни қазақ боксшыларының барлығында күреске деген ерік-жігер баршылық. Ал бұл дегеніңіз олардың әрбіреуі өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеу үшін шаршы алаңда жанын салады. Мұндай жанталасты тамашалау өте қызықты болмақ.

4. Тартысты да қызықты жұптар

Бір қызығы, бокс кеші бағдарламасының әрбір 8 жекпе-жегінде қазақстандық боксшы бар, олардың әрқайсысына шетелдік қарсылас та дайын. Былай айтқанда Қазақстан мен әлем боксшылары арасындағы текетіресті көреміз.

Алдын ала жекпе-жектер:

1. Бауыржан Бекмурзаев (Қазақстан) – Дилмуроджон Тошхужаев (Өзбекстан);

2. Қалдыбек Қалдан (Қазақстан) – Баасандорж Батчулуун (Моңғолия);

3. Әлішер Абдуалим (Қазақстан) – Ван Даконг (Қытай);

4. Жолдас Жеңісов (Қазақстан) – Щохбозбек Толибжонов (Өзбекстан);

5. Армат Арманұлы (Қазақстан) – Никита Горшков (Горшков).

Негізікард:

6. Самат Жетібаев (Қазақстан) – Адриан Лерасан (Филиппин)

7. Елшат Нығметолла (Қазақстан) – Сарвар Усманов (Өзбекстан)

8. Нұрдос Төлебай (Қазақстан) - Анусон Тнонглуанг (Тайланд)

5. Атақты адамдар

8 маусым күні Шымкентте өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың арасында кәсіпқой рингте біршама жетістікке жеткен боксшылар да бар.

Ең тәжірибелі әрі шеберлісі, әрине, Елшат Нығметолла (18-0-1, 6 КО). Қытайда туған Елшат қазір Қазақстанның атынан шығып жүр. Жасы 30-да. Ол екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Ол соңғы уақытқа дейін кәсіпқой бокс туралы беделді BoxRec статистикалық порталының рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан ТОП-10 қазақстандық кәсіпқой боксшылардың қатарынан болды. Шымкенттегі жеңіс оның алғашқы ондыққа қайта оралуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Жас толқынының жарқын өкілі, 23 жастағы Нұрдос Төлебай (11-0, 9 КО) 25 жасқа дейінгі ТОП-5 қазақстандық боксшылардың қатарына енді. Сарапшылар Төлебайдың әлеуеті жоғары екенін айтады. Сондықтан оның қатысуымен өтетін жекпе-жек Шымкенттегі бокс кешінің басты оқиғасы болуы әбден қисынды. Дегенмен оны өте мықты қарсылас күтіп тұр. Қазақстандық боксшы 2023 жылы WBC бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағына үміткер болған тайландтық Анусон Тнонглуангпен (20-4-1, 16 КО) кездеседі.

Бокс кешінің қатысушылары туралы толығырақ «RingKZ Шымкенттегі бокс кешінің қатысушыларын ұсынады» мақаласынан, ал жекпе-жектері негізгі кардқа енген қазақ боксшылары туралы «Шымкенттегі бокс кешінің басты кардында кімдер кездеседі» мақаласынан оқи аласыз.