Жарақатынан айыққан Бекман СОЙЛЫБАЕВ ашық жаттығу өткізді
Бекманнан басқа, бұл жаттығуға 2011 жылғы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жеңімпазы, Бейжің және Лондон Олимпиадаларына қатысқан Қанат Әбутәліпов, 2011 жылғы Азияның вице-чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан Ілияс Сүлейменов, сондай-ақ аралас жекпе-жектер өнерінен (MMA) Alash Pride командасының тарланы Сұлтан Қиялов қатысты.
– Осындай игілікті шараға қатысқаныма ризамын, – деп өз ойын ортаға салды Бекман. – Ашық жаттығу жұмысына өз тәжірибеммен бөлісуге келдім, балалар мен олардың ата-аналарына ерінбей тер төгу мен алға қойған мақсатыңа жетуге тырысу міндетті түрде нәтиже беретіндігін көрсеткім келді.
Бекман мамыр айында Николоз Кокашвилиді жеңіп, EPBC WBC тұжырымының чемпиондық белбеуін жеңіп алған жекпе-жегінде қолын жарақаттап алған болатын. Содан бері біраз уақыт емделіп, енді оңала бастады. Бірақ қазір бәрі – ойдағыдай. Қарқынды түрде жаттығу жұмыстарын бастап та кеткен. Өзінің айтуынша, қараша айында қайтадан рингке шығып, WBC тұжырымының Еуразиялық және Тынық мұхиты жағалауы аймағы бойынша чемпиондық атағын қорғауға дайын болады екен.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/3″][dt_fancy_image image_id=”2781″ onclick=”lightbox”][/vc_column][vc_column width=”1/3″][dt_fancy_image image_id=”2782″ onclick=”lightbox”][/vc_column][vc_column width=”1/3″][dt_fancy_image image_id=”2783″ onclick=”lightbox”][/vc_column][/vc_row]