ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖОЛ – RingKZ оқиға орнынан шолу ұсынады
8 маусым күні Шымкентте өткен бокс кеші Моңғолия, Филиппин, Ресей және Қазақстан боксшыларының жеңісімен аяқталды. Соңғы аккорд ретінде басты жекпе-жектегі нокаутты айтуға болады. Осы тұста жекпе-жектердің көбі қызықты әрі тартысты өткенін баса айтықмыз келеді.
Ешкім берілгісі келмеді
8 жекпе-жектің 5-інде қазақстандықтар жеңіске жетсе, оның 3-інде мерзімінен бұрын жеңіс тіркелді.
Алдын ала бәсекеде ең тартыстысы жекпе-жектер қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Финалдық гонгқа дейін орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) текетірес барлығына ұнады деуге болады. Шаршы алаңда қазақстандық Қалдыбек Қалдан мен моңғолиялық Баасандорж Батчулуун кездесіп, өзінің кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жектерін өткізді.
Бұл шын мәнінде қызықты шайқас болды. Екі боксшы да аянып қалмады, олар 4 раунд бойы соққы алмасудан қорықпай, барынша шоу жасады. Сондықтан Батчулуунның нәтиже жарияланғаннан кейінгі эмоцияға толы қуанышы түсінікті. Төрешілердің берген есебі бойынша Моңғолия боксшысы төрешілердің басым көпшілігімен жеңіске жетті, есеп - 39:38; 38:38; 39:37.
Екінші орта салмақтағы (76,2 келіге дейін) Армат Арманұлы мен ресейлік Никита Горшков арасындағы кездесу де барынша тартысты өтті.
Арманұлы үшін бұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі еді. Көрермендер оны барынша қолдап, жылы лебізбен қарсы алды. Ол кескілескен жекпе-жектен бас тартпай, еш ойланбастан, жеңіске жетудің жолын іздеді. Мінез-жігердің тартысына айналғантөрт раундтан кейін жеңіске тәжірибелі боксшы жетті. Кәсіпқой бокстағы 7-жекпе-жегін өткізген Никита Горшков 38:38, 39:37, 40:37 есебімен басым түсті.
Дәстүрлі бәсеке
Жартылай орта салмақта (57,2 келіге дейін) бақ сынаған Жолдас Жеңісов (7-0, 2 КО) нақты мақсат қоя отырып, тура соққыларымен қарсыласын қайта-қайта ұрып, ұпайды біртіндеп жинады. Осындай дұрыс тактикаға өзбекстандық Шохбозбек Толибжонов (2-1, 1 КО) қарсы тұра алмады. Жалпы 4 раундтың әрқайсысында үш төреші де жеңісті ақтаулық боксшыға берді. Қорытынды есеп - 40:36; 40:36; 40:36.
69,9 келіге дейінгі орта салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Әлішер Әбдуәлімнің қарсыласы күтпеген жерден ауысып кетті. Себебі бокс кешінің ресми дәрігері қытайлық Ван Даконгтың МРТ-магниттік резонанс нәтижелерін зерттеп, жекпе-жекке жібермеді. Осындай форс-мажор жағдайда қажетті салмақ дәрежесінде басқа боксшыны таба білген ұйымдастырушыларға тек құрмет көрсетуге болады.
Әбдуәлімнің соққыларына өзбекстандық Сардор Мұзафаров барынша дайын болып шықты. Алайда бірінші раундта-ақ, денеге дәл соққылардан кейін қарсыласы тізе бүгуге мәжбүр болды. Үшінші рет осындай «тізе бүккеннен» кейін төреші бірінші раундтың аяқталуына 8 секунд қалғанда жекпе-жекті тоқтатты. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айта кетейік, Әлішер Әбдуәлім үшін бұл оның кәсіпқой рингтегі алғашқысы жекпе-жегі еді.
Тағы бір алдын ала жекпе-жек жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) өтіп, бірінші раундтан кейін күтпеген жерден аяқталды. Өзбекстандық Дилмуроджон Тошхужаев жекпе-жекті белсенді бастап, тіпті Бауыржан Бекмурзаевты біраз уақыт екінші нөмірде жұмыс істеуге мәжбүр етті.
Жалпы, алғашқы үш минуттық кезең өте тартысты өтті. Бірінші раундта төрешілердің бірі Өзбекстан боксшысына, қалған екеуі қазақстандық боксшыға жеңіс сыйлады. Сондықтан Ташхужаевтың жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту туралы шешімі мені барша халықты таң қалдырды.
Мықтыға да тұсау бар!
Негізгі жекпе-жек бағдарламасы екінші жеңіл салмақтағы (55,3 келі) Елшат Нығметолла мен өзбекстандық Сарвар Усмонов арасындағы жекпе-жекпен ашылды.
Олардың текетіресі барлық 6 раундқа созылды. Нығметолла үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жек болды. Усмонов үшін тек 8-ші айқас еді. Алайда Сарвар қорғанысқа отырмай, іс жүзінде бүкіл жекпе-жек бойына тік тұрып өтіп, қарсыласына қысым көрсетуге тырысты. Елшат үшін бұл оның қарсы шабуылға шығу қабілетінің сыналған шағы болды. Кейін бұл ұпайлардан да толық көрініс тапты, қорытынды есеп – 60:54; 60:54; 58:56. Бірақ тұтастай алғанда, Сарвар Усмонов өзінің табандылығымен жекпе-жекті серпінді әрі әсерлі етіп, Шымкентте өнер көрсеткен Өзбекстанның тағы үш боксшысының фонында ерекше көзге түскені сөзсіз.
Соңғы секундқа дейін жалғасқан күрес
Келесі 6 раундтық жекпе-жек эмоция мен азарттың деңгейін одан сайын көтерді. Себебі онда жеңіл салмақтағы боксшылар (53,5 келіге дейін) Самат Жетібаев пен филиппиндік Адриан Лерасан бетпе-бет келді.
Жетібаев үшін бұл кәсіпқой рингтегі 7-ші жекпе-жегі болды (бұған дейін ол 6 жеңіске жеткен), ал Лерасан үшін бұл 20-шы жекпе-жек болды. Бірінші раунд қазақстандық спортшының еншісінде қалды, ол жақсы қимылдап, сауатты шабуыл жасады.
Бірақ келесі үш минуттан бастап ол Лерасанмен соққы алмаса бастады, ал бұл тұста сәттілік қарсыласта болды. Нәтижесінде өте тартысты және тура мағынада шок жекпе-жек төрешілердің екіге бөлінген шешімімен филиппиндіктің жеңісімен аяқталды. Есеп – 56:58; 58:56; 58:56.
Мерейтойлық нокаут
Негізгі оқиға 66,7 келіге дейінгі орта салмақтағы жекпе-жек болды. Таиландтық Анусон Тнонглуангтың (20-4-1, 16 КО) рекорды оның қарсыласы Нұрдос Төлебайдың (11-0, 9 КО) жекпе-жекке қарулы түрде келуі керек екенін анық көрсетті.
Рас, бірінші раунд алдағы үш минутта бәрі аяқталады деген болжамға негіз бермеді. Төлебай жекпе-жектің басынан-ақ басымдық таныта бастағанымен, тайландық боксшысы рингте айтарлықтай салқынқанды әрі әбігерсіз қимылдады.
Бірақ ол қарсыласының қарқынын одан сайын арттыруға дайын болмаған сияқты. Тнонглуанг нокдаунға түсіп, сөйтіп қалпына келе алмады. Ал екінші раундтың аяқталуына 31 секунд қалғанда төреші жекпе-жекті тоқтатты. Содан кейін тайландық боксшысы рингтің бұрышына тығылып, тағы бірнеше соққы алғаннан кейін тағы құлауға мәжбүр болды. Осылайша қазақстандық боксшысы 12 жекпе-жектегі 10-шы нокаутына қол жеткізді.
Шынын айтқанда
8 маусым күні Шымкентте өткен бокс кешінің соңы осылайша тамаша аяқталды, оны жарқын деп айтуға болады. Рингте боксты баурап алатын барлық нәрсе болды: бәсекелестік жекпе-жек пен нокауттық соққылар, қарқынды эмоциялар мен мінезді шайқастар, жеңімпаздардың қуанышы мен жеңілгендердің өкініші.
Ең бастысы, бұл ринг иелеріне, былайша айтқанда, ешбір жағдай жасалып, жеңіске жетуге ешкім көмектеспеген бокс болды. Барлық қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алуы керек еді!