​Екі әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық боксшы Алматыдағы бокс кешінде бақ сынайды

2024 ж. 29 шілде
​Екі әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық боксшы Алматыдағы бокс кешінде бақ сынайды

Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсеткен танымал боксшы Санатәлі Төлтаев 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешіне қатысу үшін келісімшартқа қол қойды. RingKZ порталы боксшы әуесқой және кәсіби рингте несімен есте қалғаны туралы материал әзірледі.

Керемет дебют

24 жастағы Санатәлі Төлтаев үшін бұл кәсіби рингтегі екінші жекпе-жек болмақ. Ол 1 маусымда Алматыда өткен алғашқы жекпе-жегінде 29 жастағы ресейлік Дмитрий Хасиевті (12-7-2, 6 КО) 3-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Айта кетейік, ресейлік үшін бұл кәсіби бокстағы 21-ші жекпе-жек болатын.

Төлтаевтың дебютіне отандық боксшыларды қолдауды бірінші орынға қоятын қазақстандық Irfin Promotions промоутер компаниясы бірден назар аударды. Келіссөздердің қорытындысы 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешіне қатысуға келісімшарт жасасу болды.

Өткен жекпе-жекте де, алдағы кездесуде де Санатәлі бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) өнер көрсетеді. Жекпе-жек форматы - 6 раунд.

Белградтағы әлем чемпионаты

Бұл боксшыны таныстыра отырып айтатын бір жайт, ол жас кезінен-ақ Қазақстан құрамасының атынан ең беделді халықаралық турнирлерде өнер көрсетті. Мәселен 2019 жылы Төлтаев Таиланд астанасы Бангкокта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Санатәлі әлем чемпионаттарында екі рет бақ сынады. 2021 жылы Белградта ол Молдова мен Украинадан келген қарсыластырын 5-0 есебімен жеңіп, ширек финалға дейін жеткен еді.

Ал ширек финалда тең дәрежеде әрі тартысты өткен кездесуде Ұлыбритания спортының болашағы саналатын жас шотландиялық Риз Линчке 3:2 есебімен жол берді.

Ташкенттегі әлем чемпионаты

2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында Төлтаев 1-раундта израильдік Ахмад Стивиді сенімді түрде жеңді. Келесі, яғни 1/16 финалда қазақстандыққа Маврикийден келген Ришарно Колен қарсы тұрды.

Шамасы тек жанкүйерлер ғана емес, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы да қарсыласты жақсылап зерттемеген сияқты. Себебі олардың алдында Маврикийден келген жай ғана спортшы емес екенін түсінер еді. Әйтпесе Колен өте тәжірибелі боксшы. Ол үш Олимпиадаға қатысып үлгерген (2008 жылы Бейжің, 2012 жылы Лондон және 2021 жылы Токио. Сондай-ақ ол – Африка чемпионы. Осыған қоса 2022 жылы Колен беделді Британиялық достастық ойындарының күміс жүлдегері атанған болаты. Сол кезде финалда Төлтаевтың жолын кеске дәл осы Риз Линчке жеңілген еді.

Не керек, Ришарно Колен онымен санасу қажет екенін рингте дәлелдеп, қазақстандықты 5:2 есебімен жеңіп кетті. Алайда 1/8 финалда ол өзі турнирден шығып қалды. Бірақ ол біреуге емес, кейін осы жарыстың чемпионы атанған өзбекстандық Руслан Абдуллаевқа ұтылған болатын. Бір жыл бұрын Абдуллаев Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алғанын да айта кетейік.

Жаңа шыңдарды бағындыру

Санатәлінің кәсіби рингтегі дебютіне оралсақ, оның Хасиевпен жекпе-жегін кәсіби бокс туралы беделді статистикалық портал BoxRec өте жоғары бағалады. Сондай-ақ ол қазір үздік қазақстандық боксшылар рейтингінде 15-орында тұр.

Осы ретте 21 қыркүйекте Алматыдағы бокс кешінде Санатәлі Төлтаев өзінің керемет шеберлігін көрсетіп, жаңа шыңдарды бағындыруға дайын екенін барынша көрсетуге мүмкіндік алады.