Уайлдер мен Фьюри арасындағы қарымта кездесудің гонорарлары

2020 ж. 21 ақпан
Уайлдер мен Фьюри арасындағы қарымта кездесудің гонорарлары

Бұл кештегі басты жекпе-жектің америкалық Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 KO) және британдық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 KO) арасындағы қарымта кездесу екенін білесіздер. Олар WBC тұжырымы бойынша ең ауыр салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады. Осы ретте, аталмыш кештің біздің уақытпен 23 ақпан күні таңертең өтетіндігін де естеріңізге сала кетейік.

Шетелдік басылымдардың жариялауларынша, жоғарыда аталған ең ауыр салмақтағы екі боксшыға 5 миллион доллардан беріледі екен. Сонымен қатар, ESPN журналисі Дэн Рафаэль таратқан ақпаратқа сенсек, Уайлдер мен Фьюриге әлгі ресми гонорардан бөлек тағы да 25 миллион доллардан табыс етілетін көрінеді. Бұған PPV сатылымынан түскен пайыздық үлестерін қоссақ, екеуі де аз ақша алмайтын сияқты.

Енді Лас-Вегаста өтетін екі алыптың қарымта кездесуі алдында рингке шығатын қалған боксшылардың гонорарларына көз жүгіртейік:

Чарльз Мартин – 250 мың доллар

Джеральд Вашингтон – 275 мың доллар

Эмануэль Наваррете – 300 мың доллар

Джео Сантисима – 25 мың долларов

Себастьян Фундора – 40 мың доллар

Дэниел Льюис – 35 мың доллар

Субриэль Матиас – 50 мың доллар

Петрос Ананян – 30 мың доллар

Амир Имам – 30 мың доллар

Хавьер Молина – 35 мың доллар

Роландо Ромеро – 8 мың доллар

Артур Ахметов – 7 мың доллар

Габриэль Флорес – 15 мың доллар

Мэтт Конвэй – 20 мың доллар

Вито Мелницки – 4 мың доллар

Кори Чемпион – 5 мың доллар

Айзек Лоу – 30 мың доллар

Альберто Гевара – 6 мың доллар

Естеріңізге сала кетейік, сіздер бұл жекпе-жектерді жексенбі күні таңертең «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Ал әзірше біздің сайтымыздың «VIDEO» бөлімінен бұл екеуінің бұрынғы жекпе-жектерінің үзінділерін көрулеріңізге болады.