Токиоға апарар жол – Лондондағы Ресей құрамасының сапы

2020 ж. 13 наурыз
Токиоға апарар жол – Лондондағы Ресей құрамасының сапы
Фото - kfb.kz

Токио Олимпиадасының Еуропа елдері арасындағы іріктеу турнирі ертең басталады. Бүгін кешке (біздің уақытпен түнде) жеребесі тартылып, жекпе-жектер сұлбасы түзіледі. Біздің боксшыларымыздың басты қарсыластарының бірі, яғни Ресей құрамасы Англияның бас қаласына 10 наурыз күні барыпты.

Жалпы, Лондонда Еуропа елдері Токио Олимпиадасының 77 лицензиясына таласады. Оның 50-і ерлер арасында сарапқа салынады: 52, 57 және 63 келі салмақ дәрежелерінде – сегізден, 69, 75 және 81 келілерде – алтаудан, ал 91 және + 91 келі ауыр салмақтарда – төртеуден.

Әйелдер арасында Еуропаның қыз-келіншектері 27 жолдаманы сарапқа салады. Атап айтқанда, 51, 57 және 60 келі салмақ дәрежелерінде – алтаудан, 69 келіде – бесеу, ал75 келі салмақта – төртеу.

Енді Ресей құрамаларының сапына көз жүгіртейік:

52 келі – Расул Салиев

57 келі – Альберт Батыргазиев

63 келі – Габил Мамедов

69 келі – Андрей Замковой (капитан)

75 келі – Глеб Бакши

81 келі – Имам Хатаев

91 келі – Муслим Гаджимагомедов

+ 91 келі – Иван Верясов

Бас бапкері – Виктор Фархутдинов.

51 келі – Светлана Солуянова
57 келі – Людмила Воронцова
60 келі – Екатерина Дынник
69 келі – Саадат Далгатова (капитан)
75 келі – Зенфира Магомедалиева

Бас бапкері – Иван Шидловский