“Түнгі студияда” Бекман Сойлыбаев

2017 ж. 31 мамыр
“Түнгі студияда” Бекман Сойлыбаев

Бүгін кешкісін «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» ток-шоуын жіберіп алмаңыздар. Бағдарлама қонақтары – әлем боксының жаңа жұлдызы Бекман Сойлыбаев пен оның жеке жаттықтырушысы Бауыржан Ізтілеуов.

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» ток-шоуы сағат 23:30-да «Қазақстан» ұлттық арнасында басталады. Жүргізушілер мен боксшылардың әңгімелері негізінен Америкадағы жекпе-жектер мен сол жақтағы оқу-жаттығу жиыны жайлы өрбіді. Сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаев «Diamond Ring» өкілдеріне қитұрқы, әзіл сұрақтар қойып, бағдарламаның форматына сәйкес ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысты. Алайда, боксшылар бұл сынақтардың барлығынан мүдірмей өтті. Әсіресе, Сойлыбаевтың бапкері Бауыржан Ізтілеуовтің Қоянбаевқа Мексика сағызын сыйлағаны есте қалып, жүргізуші «маған әлі ешкім бұл бағдарламада сағыз сыйламаған еді. Мексикадан келген сағыздың дәмі қандай болар екен», – деп күлді.

Естеріңізге сала кетейік, Америкада үш ай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, екі жекпе-жек өткізген Бекман Сойлыбаев WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Елге оралған соң бірден танымал бағдарламаға қонаққа шақырылды.

Текст: Sadvakas Maikibayev