Сүйінші! Сегізбұрышқа сүрлеу салды сайыпқыран қазақтар

2020 ж. 20 ақпан
Сүйінші! Сегізбұрышқа сүрлеу салды сайыпқыран қазақтар

Бұл ақпаратты Жалғас бауырымыздың менеджері Саят Әбдірахманов жариялады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына «Arlan MMA Pro тарланы Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең беделді UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушенімен келісімшартқа отырды. Құттықтаймын, бауырым, сені және осы хабарды күткен баршаңызды!» , – деп жазды.

Жалғас – UFC промоушенімен келісімшартқа отырған екінші спортшымыз. Бұған дейін бұл промоушенде өнер көрсеу құқығына Шавкат Рахманов қол жеткізген. Сонымен қатар, Орынбор қазағы Дамир Исмагулов та осы ұйымның октагонында ойқастап, жанкүйерлерімізді тәнті қылып жүр.

Жанкешті Жалғас Жұмағұловтың UFC туы астында алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіндігі әлі белгісіз. Оны алдағы уақытта менеджері хабарлай жатар. Жалпы, ол октагонда 13 рет жеңіске жетіп (6 рет нокаутпен) , үш рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Қазақтың қайсар ұлы енді UFC сегізбұрышының көрігін қыздырады.