​ӘР ЖЕКПЕ-ЖЕК – ОҚИҒА: Астанадағы бокс кешінің жекпе-жек жұптары. I бөлім

2025 ж. 15 наурыз
​ӘР ЖЕКПЕ-ЖЕК – ОҚИҒА: Астанадағы бокс кешінің жекпе-жек жұптары. I бөлім

Ringkz.com порталы 5 сәуірде Астанада өтетін Battle the Brave («Ержүректер шайқасы») бокс кешінің жекпе-жек жұптарын ұсынады. Бұл кешті қазақстандық Nomad Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

Қазіргі уақытта бағдарламада 8 жекпе-жек бар, оның жетеуінде қарсыластар белгілі. Алдымен кештің бірінші жартысында өтетін кездесулерге тоқталайық.

Торехан Сабырхан (Қазақстан) – Юри Хауке (Чехия)

Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін) өтеді.

Торехан Сабырхан – 2006 жылы туған. Қазақстанда оны болашағынан зор үміт күттіретін талант ретінде бағалайды. Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Оның қарсыласы Юри Хауке (4-6, 2 КО) – 29 жаста. Чехиядан бөлек, Германия, Франция, Ұлыбританияда жекпе-жектер өткізген тәжірибелі боксшы.

Отабек Холматов (Өзбекстан) – Джейсон Каной Манигос (Филиппин)

Отабек Холматов (12-1, 11 КО) кәсіпқой бокс әлемінде жақсы танымал. Қазіргі уақытта ол WBA рейтингінде 57,2 кг дейінгі жартылай жеңіл салмақта 3-орында тұр.

26 жастағы Холматов 2023 жылы WBA әлем чемпионы титулына үміткер болған. Бірақ америкалық Рэймонд Фордқа (16-1-1, 8 КО) тартысты кездесуде жеңіліп қалды.

Астанада оның қарсыласы 34 жастағы филиппиндік Джейсон Каной Манигос (30-12, 2 КО) болады. Кәсіби мансабына қарасақ, оның тәжірибесі өте жоғары.

Балауса Мұздыман (Қазақстан) – Розалинда Родригес (АҚШ)

Бұл 53,5 кг дейінгі жеңіл салмақтағы жекпе-жек көрермендердің эмоциясын шарықтататын кездесу болуы мүмкін.

Балауса Мүздіман (6-0, 5 КО) – 27 жаста. Ол әлі мұндай деңгейдегі қарсыласпен кездескен жоқ. Оның қарсыласы – америкалық Розалинда Родригес (14-0, 3 КО). Егер Балауса бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, ол өз салмағындағы элита боксшылар қатарына қосылуы мүмкін.

Махмуд Сабырхан (Қазақстан) – Джей Френсис Бурай (Филиппин)

Махмуд Сабырхан небәрі 23 жаста болса да, бірнеше жылдан бері Қазақстанның әуесқой бокстағы жарқын көшбасшыларының бірі саналады.

2021 жылғы Сербиядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

2023 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері

Ол – Торехан Сабырханың үлкен ағасы. 5 сәуірде Астанада ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Махмуд 55,3 кг дейінгі екінші жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – 28 жастағы филиппиндік Джей Френсис Бурай (13-3-1, 3 КО).

Сабырхан - Бурай жекпе-жегіне арналған арнайы мақаланы Ringkz.com порталынан «Nomad Promotions жасаған тосынсый: Махмұд Сабырхан кәсіпқой рингте дебют жасайды» атты тақырыппен оқи аласыз.