​Алматыдағы бокс кеші – ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР БОЙЫНША ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ

2024 ж. 2 тамыз
​Алматыдағы бокс кеші – ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР БОЙЫНША ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ

RingKZ порталына 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінің барлық жекпе-жектері мен форматы белгілі болды.

Қазақстан - Шетел

Қазақстандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясы үшін бұл биыл ұйымдастырып отырған екінші бокс кеші болмақ. Осыған дейін 8 маусымда Шымкентте өткен кеш сәтті болған еді. Сондықтан ұйымдастырушылар өздерінің сол кездегі керемет тәжірибесін ескере отырып, былайша айтқанда, көрермендердің қызығушылығына ие болған әдіс-тәсілдерді тағы қолдануға шешім қабылдады.

Мәселен Алматыда да Шымкентте сияқты бағдарламаға 8 жекпе-жек енгізілген. Әдетке айналғандай, әр кездесуде тағы да қазақстандық боксшы шығады және оған шетелдік спортшы қарсы тұрады.

Құрылымдық жағынан барлық жекпе-жектер екі бөлімге бөлінеді. Біріншісі – preliminaries ретінде өтеді және онда 5 жекпе-жек болады. Екінші бөлім, яғни maincard кезеңінде 3 жұп жұдырықтасады.

Раундтар «арифметикасы»

Енді ерекшеліктерге тоқталсақ. Маусым айында бірінші бөлімнің барлық 5 жекпе-жегі 4 раундты, ал екінші бөлімдегі кездесулер 6 раундты болған еді. Енді қыркүйектегі бокс кешінде жекпе-жек форматы, былай айтқанда, ұзаратын болады.

Бокс кешінің бастапқы preliminaries кезеңінде тек 2 жекпе-жек 4 раундты болады, қалған 3 кездесудің форматы - 6 раунд. Maincard кезеңінде бірінші жекпе-жек қана 6 раунд болады, ал қалғандарында раунд саны арта бермек. Мәселен соңғы екі жекпе-жек 8 раунд және 10 раундтан болады.

Рингке кім шығады

Қазақстандық қатысушыларды іріктеуге тоқтсалсақ, Irfin Promotions промоутерлік компаниясы өзінің басты тұжырымдамасынан айнымайды. Яғни компания тәжірибелі әрі танымал отандық боксшыларға да, кәсіби рингте өз жолын енді бастағандарға да жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді.

Осы орайда басты жекпе-жекке апаратын main card бөліміндегі 5 қазақстандық боксшының арасында жас спортшылар да, әуесқой бокста өз өнерімен жанкүйерлерді тәнті еткен мықтылар да бар. Мысалы 6 раундтық жекпе-жекке Қазақстан құрамасының сапында екі әлем чемпионатында (2021 жылы Белградта 2023 жылы және Ташкентте) өнер көрсеткен Санатәлі Төлтаев шығады. 21 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде ол бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) шаршы алаңға шығады.

Осыған дейінгі Шымкенттегі бокс кешінде Irfin Promotions компаниясы атынан Әлішер Әбдуәлім бірінші орта салмақ (69,9 келіге дейін) және Армат Арманұлы екінші орта салмақ дәрежесі (76,2 келіге дейін) кәсіби рингте дебют жасады. Сондықтан қыркүйек айындағы бокс кешінде жұдырықтасуға ұсыныс алу - жас боксшылардың болашағы мен әлеуетін мойындау, сондай-ақ бокс әлемінде алға қадам басуға қолдау көрсету ниеті деп санауға болады.

Танымал тұлғалардан кім болады

Осы тұста маусым айында жұдырықтасқан қазақстандық 8 боксшының ішінен промоутерлік компания Алматыдағы кешке төртеуін таңдап алғанын атап өткен жөн. Олардың бірі – Қазақстанда аса танымал кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (19-0-1, 6 КО). Ол жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) өнер көрсетеді. Алматыда ол main card кезеңінде шаршы алаңға шығып, 8 раундты жекпе-жек өткізеді.

Ал алдағы кештің тағы бір беделді қазақстандық қатысушысы Руслан Мәдиев (15-2, 6 КО) Шымкентте болған жоқ еді. Оның осы кардқа қосылуы, әрине, қыркүйектегі бокс кешінің мәртебесін арттыра түседі.

Расымен де оның Геннадий GGG Головкин командасында өнер көрсетіп, Golden Boy Promotions сияқты әлемге әйгілі промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасауы қарағандылық боксшыға деген қызығушылықты еселей түспек.

Басты ерекшелік

Алдағы бокс кешіне деген қызығушылықты арттыратын ең маңызды фактор, әрине, басты жекпе-жекте қазіргі уақытта таиландтық Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО) иелік ететін WBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық атағы қойылады.

Оның Алматыдағы қарсыласы - Руслан Мәдиев. Бұл жекпе-жектің интригасы титулдық жекпе-жек жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) өтеді, ал қазақстандық боксшы бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінің (63,5 келіге дейін) өкілі ретінде танымал.

Айтпақшы, қазақстандық жанкүйер таиландтық боксшыны 2019 жылы Венгрияда өткен Иштван Бочкайды еске алуға арналған атақты халықаралық турнирде отандасымыз Ермахан Жақпековті жеңген спортшы ретінде еске алуы мүмкін. Сондықтан Руслан Мәдиевке отандасының сәтсіздігі үшін есе қайтаратын уақыты келген сияқты.