Қазақстандық телеарна тікелей эфирде екінші жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекті көрсетеді

2021 ж. 9 қыркүйек
 Қазақстандық телеарна тікелей эфирде екінші жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекті көрсетеді

10 қыркүйекте АҚШ-тың Аризона штатындағы Tucson қаласында, Del Sol казино аумағында Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша 58,967 келіге дейінгі екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Oscar Valdez (29-0-0, 23KO) РИО-2016 Олимпиада ойындарының чемпионы Robson Conceicao-ға (16-0-0, 8КО) қарсы чемпиондық мәртебесінің алғашқы қорғауын өткізеді.

Тамыз айының ортасында VADA (Volunteery Anti-Doping Association) Оскар Вальдестің қанының құрамынан тыйым салынған Phentermine субстанциясы (спортшының тәбетін басатын және физикалық жағдайын, оның ішінде жаттығулардың төзімділігі мен ұзақтығын арттыратын медициналық препарат) бар екендігі туралы хабарлаған болатын. Бұл жекпе-жекті өткізуге және Вальдестің чемпиондық мәртебесіне қауіп төндірді. Бірақ Аризона штатының Pascua Yaqui Tribe атлетикалық комиссиясы кәсіби бокс жекпе-жегін өткізуге рұқсат берді. Сондай-ақ WBC WADA (World Anti-Doping Agency) допингке қарсы ұйымның ережелерін басшылыққа ала отырып, Oscar Valdez-ге олимпиадашы Robson Conceicao-ға қарсы титулдық жекпе-жекті өткізуге рұқсат берді. Өйткені бұл ұйым аталмыш препаратты жарысқа дейін бір күн ішінде қолдануға тыйым салады.

Естеріңізге сала кетейік, Вальдес үш жыл бойы WBO Дүниежүзілік бокс ұйымының жеңіл салмақтағы 57,153 келіге дейінгі чемпиондық белбеуін иеленген еді. Ал осы жылдың ақпан айында екінші жеңіл салмаққа көтеріліп, Miguel Berchelt-ке (38-2-0, 34КО) қарсы жекпе-жекте WBC чемпиондық титулын жеңіп алды. Әуесқой мансабында Вальдес 2009 жылы Америкалық Пан ойындарында Консейсаннан жеңілген, сондықтан бұл жекпе-жек Валдез үшін кек алудың бір түрі болса, ал бразилиялық спортшы үшін кәсіби рингте чемпион атақты жеңіп алудың алғашқы мүмкіндігі.

Америка Құрама Штаттарында жекпе-жек ESPN телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі, ал Қазақстанда бокс әуесқойлары оны 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша таңғы сағат 08:00-де Хабар телеарнасынан көре алады. Боксшылардың жекпе-жектерінің жарнамасын сілтеме бойынша БЕЙНЕ қосымшасынан көруге болады:https://ringkz.com/ru/video