Қазақ боксшылары Мейвезердің залына жаттығуға жол тартты

2020 ж. 21 ақпан
Қазақ боксшылары Мейвезердің залына жаттығуға жол тартты

Жанкош Тұраров, Али Балоев және Искандер Харсан сынды боксшыларымыз бен олардың жаттықтырушылары Сағатбек Мұсаханов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына жол тартыпты. Бұл ақпаратты MTKKazakhstan менеджерлік компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы таратты.

Жаттығу жұмыстарының негізгі бөлігін, яғни дене дайындығын, күш-қуатты жетілдіру жаттығуларын, сондай-ақ техникалық және тактикалық әзірліктерін Алматыда өткізген боксшылар үшін енді спаррингтік кездесулер ұйымдастырылмақ екен. Сол үшін олар Америкаға аттанған.

Мұхиттың арғы бетінде қарымды боксшылармен спаррингтер өткізіп, дайындықтарын пысықтау жоспарланып отырған көрінеді. Әрі жаттығу жұмыстарын әйгілі Флойд Мейвезердің залында жалғастыратын болыпты. Туған елге 15 наурызда оралады екен.